— Жапония коронавирустық пандемия кезінде әлемдегі сырқаттанушылық бойынша ең төмен көрсеткіштерге ие болған ел ретінде аталса, қазір індеттің күнделікті өсуі бойынша барлық елдер арасында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, онда тәулігіне 200 мыңнан астам коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары анықталуда. Жапонияны қоспағанда, ең көп инфекцияның тіркелуі АҚШ-та байқалды, онда 117,5 мыңнан астам жағдай тіркелді.
Одан кейін Оңтүстік Корея (100,3 мың жағдай), Италия (88,7 мың) және Франция (87,6 мың жағдай). Соңғы бірнеше аптада, жапон билігі атап өткендей, ел пандемияның жетінші толқынын бастан кешуде. Мемлекеттік комиссияның пікірінше, аурулар санының күрт өсуі BA.5. қосалқы нұсқасының (кіші түрінің) таралуына байланысты. Эпидемиялық жағдайға қарамастан, Жапония Үкіметі шектеулер енгізуді жоспарламайды.
Адамдарды сақ болуға және қайта вакцинациялауға шақырады. Ал Марокко билігі сәрсенбіде коронавирустың таралуына қарсы тұру үшін 2020 жылдың 20 наурызында енгізілген төтенше жағдай режимін 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзартты.
Үкімет бұған дейін атап өткендей, төтенше жағдай режимі пандемияның кез келген жағымсыз дамуымен күресу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға құқықтық негіз болып табылады. 2021 жылдың 28 қаңтарында Мароккода коронавирусқа қарсы ұлттық вакцинация науқаны басталды.
Қазіргі уақытта Корольдікте бірінші дозамен 24,87 млн-нан астам адам вакцинацияланды, оның ішінде 23,36 млн-нан астамы вакцинаның екі компонентімен, 6,65 млн-ына үш компонент, төрт компонент 23 мыңнан астамына енгізілді. Батыс жарты шарында коронавирустың таралуымен жағдай тұрақтануда, бірақ жаңа жағдайлардың саны жоғары болып қала береді.
Бұл туралы Панамерикандық Денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Оның айтуынша, Америкада коронавирустық инфекциялардың саны бес апта ішінде алғаш рет азайды. «Аймақта COVID-19 жағдайы тұрақтануда, бірақ елдер вирусқа қарсы сақ болып, денсаулық сақтау саласындағы басқа да төтенше жағдайлармен айналысуы керек», — деп атап өтті ұйым өкілі.
ПАДҰ хабарлағандай, соңғы аптада аймақта 1,6 миллион жаңа инфекцияны жұқтыру жағдайы анықталды. «Канадада Солтүстік Америкада 20% өсім байқалды. Орталық және Оңтүстік Американың кейбір елдерінде де күрт өсу бар. Кариб бассейні елдерінің арасында Кубада, Гваделупта, Француз Гвианасында және Тринидад пен Тобагода ауруханаға жатқызу санының өсуі жалғасуда», — деп атап өтті мамандар.
ПАДҰ мәліметтері бойынша, аймақ тұрғындарының үштен бірі коронавирусқа қарсы вакцинацияланбаған. «Он ел мен аумақ тұрғындардың кем дегенде 40%-ын қорғауды қамтамасыз етуі керек», — деді ұйым директоры Карисса Этьен.
Пандемия басталғаннан бері әлемде 572,4 миллионнан астам коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары мен 6,4 миллионға жуық өлім тіркелді.
Фото: english.kyodonews.net