Соңғы кездерде Қазақстан аумағына шет ел азаматтарының жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша алып келу жағдайлары жиілеп кеткен. Осыған байланысты мемелкеттік құзырлы органдар алднда бұл істе тәртіп орнату міндеті тұр.
Бұлар негізінен Грузия мен Әзірбайжан азаматтары. Мұндай көлік құралдары сосын біздің елдің азаматтарының «иелігіне» беріледі.
Ескеретін жайт, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары шетелдік тауарлар болып табылады және кедендік бақылауда болады (үшінші елдер – ЕАЭО құрамына кірмейтін елдер).
Осыған орай, МКК уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға тек кедендік тазартудан соң және сәйкесінше тиесілі кедендік алымдар мен салықтарды төлеген соң ғана қолдануға болатынын ескертеді.
Шет ел азаматтары өз көлік құралдарын әкелгеннен соң Қазақстанның аумағынан белгілі бір уақыттан кейін кетіп қалатыны байқалуда. Яғни, ЕАЭО аумағына аталған автокөлік құралдары әкелінгенде, Қазақстан азаматына беру мақсатында келген деп пайымдалуда.
Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұл 1 жыл) автокөлік құралдары ЕАЭО аумағынан шығып кетуі қажет. Егер шығып кетпесе, ЕАЭО-тың қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылады.
Комитет полиция департаменттерімен бірлесе отырып, рейдтік іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырған, оның барысында қолданыстағы заңнамаға сәйкес ондай көліктер ұсталады. Қазіргі таңда 116 автокөлік құралы ұсталып, уақытша сақтау қоймаларына орналастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан азаматтарынан жеке пайдалануға арналған автокөлікті сатып алғанда еліміздің заңнамасын сақтауды сұрайды.
Егер сіздің сатып алғалы жатқан автокөлігіңіздің шығу тегі немесе заңдылығы күдік туғызатын болса, онда Қазақстанда кедендік тазартудан өткені және тиесілі кедендік алымдар мен салықтар төлегені туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарынан білуге болады. Ол үшін Комитетке (87172 71 77 24) немесе тұрғылықты жердегі мемлекеттік кірістер департаментіне, сонымен қатар, ҚР ҚМ МКК Байланыс орталығына хабарласуға болады.
Нұрлан ЫСҚАҚОВ,
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы.