Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанда биыл Ресейлік 2 ЖОО-ның филиалы ашылады – Үкімет қаулы қабылдады - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанда биыл Ресейлік 2 ЖОО-ның филиалы ашылады – Үкімет қаулы қабылдады

– 2022 жылдың күзінде Қазақстанда Ресейдің екі жоғары оқу орнының филиалы ашылады. Үкімет тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рrimeminister.kz сайтында мәлім етілгендей, Ресейдің «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы Алматы қаласында, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалы Атырау қаласында ашылады.

Биыл қазан айында аталған жоғары оқу орындары филиалдарының базасында «Қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері», «Элементар бөлшектер физикасы және ғарыш физикасы», «Мұнай мен газды іздеу және барлау», «Мұнай және газ кен орындарын игеру, пайдалану және кешенді механикаландыру мен автоматтандыру», «Мұнай және газ тасымалдау» сияқты мамандықтар бойынша кадрларды дайындау басталады.

Оған 200 грант бөлінді. Оқу процесіне жетекші ресейлік профессорлар тартылмақ. «Кәсіби кадрларды даярлау мен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда жоғары оқу орындарын әлем елдерінің тәжірибесімен ұштастыру және ынтымақтастық ауқымын кеңейту заманауи білім беру технологияларын кеңінен енгізуге мүмкіндік береді.

Техникалық кадрларды дайындау жағынан ресейлік ғылым әлемдегі ең үздіктердің бірі саналады. Сондықтан бұл тәжірибе бізге өте пайдалы», — деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. Елімізде ресейлік университеттер филиалдарының ашылуы қазақстандық жастарға елден шықпай-ақ жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының дипломын алуға мүмкіндік береді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы елімізде 2025 жылға дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 5 жаңа филиалын ашу туралы тапсырма берген болатын. 2022 жылдың ақпан айында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен РФ Ғылым және жоғары білім министрлігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында екі елдің жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы келісімге қол қойылған.

Фото: primeminister.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар