Газетімізде бұдан бұрын жазғанымыздай, өткен аптаның соңында облыстық VIІ Ұлттық жастар дельфийлік ойындары өткені белгілі.
Өнер додасында екі жүзден астам жас талапкер бақ сынады. Бүгін біз фортепиано, сырнай мен аккордеон, халық биі, киім дизайны, халық аспаптары, дәстүрлі және эстрадалық ән, тележурналистика, қолданбалы-сәндік өнер, фотосурет аталымдары бойынша жеңіске жеткен жас дарындарды оқырмандарымызға толық таныстыра кеткенді жөн көріп отырмыз.
Олар: Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінен Мирас Мағжанов, Тілеген Қуандық, Гүлім Құдысбек, Бурабай, Сандықтау аудандарынан «Вива данс» және «Реверанс» би топтары, облыс орталығындағы балалар сурет мектебінен Сергей Гордиенко, Виктория Донцова, Щучинск қаласындағы балалар өнер мектебінен Гаухар Жұматаева, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан Абылай Қылышбек, Болатхан Ризабеков, Зеренді ауданы балалар шығармашылық үйінен Айшолпан Болат, Көкшетау қаласындағы №1 құрылыс-техникалық колледжінен Ербол Уәзіров, Зеренді ауданына қарасты Садовый орта мектебінен Жомарт Қадыл, Еңбекшілдер ауданынан Жанна Галиева және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен Эдуард Туржанов.
Аталған жеңімпаздар мен жүлдегерлердің бәрі алтын, күміс және қола медальдарға ие болып, арнайы дипломдармен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретте: дельфийлік ойындарда дәстүрлі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенованың шәкірттері өнер көрсетуде.