Көкшетаудағы «НовоПЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өңірдегі жұмысы өнімді кәсіпорындардың бірінен саналады.
Бүгінгі таңда фабрикада ұн, бидай тәрізді ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға қажетті полиэтилен қаптарының түр-түрі шығарылады. Бұл өнімдер Қазақстаннан басқа ТМД елдері, Қытай және өзге де шетелдерге экспортталады. Кәсіпорынның бүгінгі жетістігіне осында күн-түн демей еңбек етіп жүрген 800-ден астам біліктілігі жоғары маманның қосып келе жатқан үлесі зор. Солардың бірі – өз ісінің майталман шебері, оператор Гүлсім Кәкімова.
Аслан ОСПАНОВ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.