Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жер мәселесі бойынша төрт топ құрылады - АРҚА АЖАРЫ

Жер мәселесі бойынша төрт топ құрылады

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде  Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов және «Нұр Отан» партиясы  төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары  Бақытжан Сағынтаев өткен сенбіде өткен Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысының қорытындыларымен таныстырды. Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан арнайы штаб құрылып, онда барлық аймақтардан келген ұсыныстар екшелетін болады. Бір айта кетерлігі,  жер мәселесі бойынша саll-орталыққа апта басынан бері 700- ден астам қоңырау шалынып,  jerturaly.kz сайтына 30-ға жуық ұсыныстар келіп түскен. Жауапты мамандар  барлық ұсыныстарды сараптап, жерге қатысты емес мәселелерді құзыретті органдарға жібереді. Сондай-ақ, Алматы, Астана қалаларының және облыстық әкімдіктердің жанынан қоғамдық кеңестер құрылып жұмыс істей бастады. Өткен отырыста  жұмыс топтарын құру мәселесінің де қаралғаны мәлім болды.  Нәтижесінде 4 топ  экономикалық, құқықтық рәсімдердің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, комиссия шешімдерін түсіндіру және ақпараттандыру бағыты бойынша ұсыныстар қабылдайтын болады. Алдағы отырыста топтардың құрамы бекітіліп, жетекшілері тағайындалмақшы.
– Әрбір азамат Жер кодексіне байланысты өз пікірін білдіруі тиіс.  Комиссия алдағы отырыста жер мәселесін талқылап, кейін өңірлерге барып, қоғамдық кеңестермен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істейтін боламыз, – деді Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрағасы.
«Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед  өз сөзінде азаматтардың Жер кодексіне енгізілген өзгертулерді әлі де болса түсінбей жүргенін айтты.
– Жер шетелдіктерге сатылған емес, сатылмайды да. Бұл алыпқашпа әңгіме.  Жермен жұмыс істемейтін адамдардың қауесет таратуы дұрыс емес, – дей келе,  жер телімдерін жалға беру инвесторларды тартуға септігін тигізетінін жеткізді.
Ал, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов осыған дейін Ұлттық экономика министрлігіне қараған жер мәселесін Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру туралы шешім қабылданғанын тілге тиек етті. Бұл ретте, министрлікте Жер ресурстарын басқару комитетін құру туралы шешім шығарылған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар