Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолалық тұрғын адам өлтіріп, мәйіттің үстіне бетон құйып тастаған - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолалық тұрғын адам өлтіріп, мәйіттің үстіне бетон құйып тастаған

 – Ақмола облысының тұрғыны адам өлтіріп, мәйіттің үстіне бетон құйып тастаған. Ер адам 5 жылдан кейін қылмысын мойындап, полицияға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 3 қыркүйекте Атбасардың 53 жастағы жергілікті тұрғыны полицияға келіп, қылмыс жасағанын мойындаған. Ер адамның сөзінше, ол 2017 жылдың шілдесінде Целиноград ауданының Талапкер ауылында өзімен бірге жұмыс істеп жүрген 49 жастағы ер адамды өлтірген. Қылмысын жасыру үшін өздері құрылысын жүргізіп жатқан үйде мәйіттің үстіне бетон құйып тастаған.

«Ер адам қылмысқа өзара сөзге келіспей қалғаннан барғанын айтты. Кейін өлтірген адамның денесін жасырған орынды көрсетті, ол жерден адамның сүйектері табылды.

Қазіргі уақытта адам өлімінің нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнынан заттай айғақ ретінде балға (кувалда) тәркіленді. Целиноград аудандық полиция бөлімі осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ведомстводан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар