– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Ақордадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр.
Өзбекстанда Президент басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді», — делінген ұсынылған хабарламада.
Еске салайық, 7 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі жөнінде әңгімелескен болатын.
Осыған дейін Самарқанд облысы ішкі істер департаменті 14-17 қыркүйекте ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты Өзбекстан тұрғындары мен қонақтарына Самарқанд қаласына сапарды кейінге шегеруді ұсынған еді.