Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елорда мәслихаты Астана атауын қайтару ұсынысын қолдады - АРҚА АЖАРЫ

Елорда мәслихаты Астана атауын қайтару ұсынысын қолдады

 – Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты бас қалаға Астана атауын қайтару туралы ұсынысты қолдап дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін мәслихат әлеуметтік желілерде және қоғамда талқыланып жатқан депутаттар ұсынысын қарау бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. Онда Қоғамдық кеңес мүшелері елордаға бұрынғы атауын қайтаруды қолдаған болатын. Артынша аталған ұсыныс мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралды.

«Әлемдік тәжірибеде ел астаналарының бұрынғы атауларын қайтарған жағдайлар бар. Қазір біз Жаңа Қазақстанға аяқ басып жатқанда, елорданың жаңа атауы – бұл символикалық мәнге ие болады. Жергілікті тұрғын ретінде мен бас қаламызға Астана атауын қайтаруды қолдаймын. Оны тек Қазақстанда ғана емес, барша әлем біледі. Бұл – танымал бренд», — деді маслихат депутаты Асқар Смағұлов.

Бас шаһарға бұрынғы атауын қайтару мәселесі талқыланған мәслихаттың кезектен тыс сессиясына 31 депутаттың 25-і қатысты. Сессия қорытындысы бойынша депутаттар ұсынысты қолдап, шешім қабылдады. Енді құжат Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі.

Бұған дейін мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов бұл процесс бірнеше кезеңнен өтетінін айтқан болатын.

Сонымен қатар, мәслихат хатшысы елорда атауын өзгертуге қатысты шығындарға түсінік берген болатын. Оның айтуынша, цифрлық құжат айналымына көшіп жатқанымызды ескерсек, онда шығындар аз болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар