Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлтын ұлықтаған суреткер - АРҚА АЖАРЫ

Ұлтын ұлықтаған суреткер

Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының және облыстық «Әдебиет және өнер» музейінің ұйымдастыруымен көрнекті ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың 80 жылдық мерейтойына орай, «Ұлтын ұлықтаған суреткер» атты дөңгелек үстел мәжілісі болып өтті.

Жуырда ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен әйгілі қаламгерге отандық әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі және бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілген болатын. Осыған орай өткізілген кешке Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұстаздары мен шәкірттері, Көкшетау қаласының бірқатар колледждерінің студенттері, «Струны души» шығармашылық клубының мүшелері қатысты.
Кештің мақсаты – өскелең ұрпақты ақынның сан қырлы шығармашылығымен жан-жақты таныстырып, жүріп өткен дара жолын үлгі тұту. Шараның басында «Алаштың асқақ айбыны» атты кітап көрмесіне шолу жасалып,  кітапхана қорындағы әр жылдары шыққан кітаптары мен мақалалары  көпшілік назарына ұсынылды. Ақынның өлеңдерін студент жастар жатқа оқыса, аталмыш университет оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Аманжол Есмағұлов жете талдап берді. Ақынның өмірі мен еңбегі туралы түсірілген бейнебаян да көрермен көңілінен шықты.  
Кештің соңында Біржан сал атындағы Көкшетау музыка колледжі студенттерінің орындауында Олжас Сүлейменовтың өлеңіне жазылған Ғазиза Жұбанованың әндері шырқалды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар