Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Музейден қаламыздың өткеніне қанықты - АРҚА АЖАРЫ

Музейден қаламыздың өткеніне қанықты

Көкшетау қаласындағы №1 мемлекеттік өрт сөндіру бөлімінің басшылығы жас қызметкерлерін жалпыұлттық патриотизмге, өз Отанына деген сүйіспеншілікке баулу мақсатында Көкшетау қаласының тарихы мұражайына экскурсия ұйымдастырды.

Оның барысында осы музейдің қор бөлімінің меңгерушісі Ольга Саратова Көкшетау қаласының қалыптасуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қызметкерлеріміздің бұл әңгімеден білгені, 1824 жылы 29 сәуірде Бұқпа тауының оңтүстік жағында Көкшетау округтік приказы ашылды. Округ басшысы болып қазақтың ағартушы-ғалымы Шоқан Уәлихановтың ағасы сұлтан Ғұбайдолла Уәлиханов тағайындалды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласына Еділден және Ресейдің басқа жерлерінен қоныс аударған шаруалар легі бір толастамады. Оларға әскери елді мекеннен тыс жерде тұрғын үй салуға рұқсат етілді. Осылайша елді мекеннің жанында шаруалар мен қолөнершілер тұратын қоныс пайда болды. 1868 жылы жаңа әкімшілік құрылымның нәтижесінде округтер жойылып, провинциялар құрылды. Көкшетау станицасы Ақмола губерниясына уездік орталық ретінде кірді, бірақ, ол 1895 жылы ғана қала деп аталды.

Негізі осылай қаланған сүйікті қаламыздың бертін қарқынды дамуы Кеңес Одағының 1917 жылдан 1991 жылға дейінгі тарихымен тығыз байланысты. Көкшетаудың қазіргі заманғы индустриялық келбеті қаланың қарқынды құрылысы басталған ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының екінші жартысынан бастап айқындала түсті. Осы жылдары қаламызда білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларында үлкен өзгерістер орын алды. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау пединституты, техникумдар ашылып, 800 орындық кең экранды кинотеатр, теміржолшылар сарайы, механикалық зауыттың мәдениет үйі, кітап дүкені, жаңа аурухана ғимараттары пайдалануға берілді.

Облыстық кітапхана ғимараты, стадион, ретрансляциялық мұнара салынып, ол Мәскеуден және басқа қалалардан телебағдарламаларды қабылдауды қамтамасыз етті. Бас пошта бөлімшесі, «Юбилейный» спорт кешені, Васильковка, Юбилейный шағын аудандары салынды, көшелер абаттандырылды. Ал, Көкшетау қаласының тәуелсіздігімізді алғаннан бергі адам танымастай өзгеруі бәріміздің де көз алдымызда болып жатқаны белгілі.

Міне, мұражайға бару нәтижесінде осы және басқа да жайларға қаныққан жас қызметкерлер туған өлкесін одан әрі жақсы көріп, сүйе түсеріне біз кәміл сенеміз.

Ұ.Бейсембаев,
Көкшетау қаласы 1-МӨСБ
бастығының орынбасары,
азаматтық қорғау майоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар