Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туберкулез – тегеуіріні қатты жұқпалы дерт - АРҚА АЖАРЫ

Туберкулез – тегеуіріні қатты жұқпалы дерт

Туберкулез – дәрі-дәрмекке көне қоймайтын ауру. Нақтырақ айтсақ, көптеген препараттарға мейлінше төзімді. Емдеу барысында айтарлықтай қиындық туғызатыны да осы жай. Сондықтан, туберкулез ауруы адамзаттың денсаулығымен өміріне қауіп төндіреді. Туберкулез микобактерияларының ауруға қарсы дәрі-дәрмектерге бастапқы кезде қаншалықты төзімді екендігін ажырата білу керек.

Дәрілік төзімділік дегеніміз – бұрын ем алып көрмеген сырқаттарға туберкулез микобактерияларының бір немесе бірнеше препараттарға төзімділігі. Яғни, емдеу процесінде ауруларға бір немесе бірнеше дәрі-дәрмектің әсері айтарлықтай бола қоймайды. Егер емделуші туберкулезге қарсы препарттарды қабылдау барысында үзілістермен емделсе, микобактериялардың тұрақтылығы келесі сатыға, яғни, бұрынғыдан да мықты дәрілік төзімділікке ауысуы мүмкін.

Көптеген дәрілерге көне қоймайтын туберкулездің пайда болуы жайлы негізгі факторларға тоқталатын болсақ, бұл жай оқырманға әлмисақтан белгілі. Адам бойында сырқат белгісі бар екендігі анықталғаннан кейін емделуге мейлінше көңіл бөлген жөн. Емдеу үрдістерін сақтамау, емделу барысындағы үзілістер, науқастармен ұзақ уақыт байланыста болу (ауруханаішілік, түрмедегі жағдай) қауіптің күшеюіне ықпал ететін себепші жай болып табылады. Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу тегін. Емдеу жұмыстары кешенді түрде стационарда жүзеге асырылады. Ауруханада дерттің бетін қайтарғаннан кейін шипажайларда денсаулықтарын нығайтуға әбден болады. Бұл процестердің барлығы медицина қызметкерлерінің бақылуымен жүргізіледі.

Амбулаториялық кезеңде науқас емделуін үйінде жалғастыра алады. Орталық медициналық-консультативтік комиссияның шешімі бойынша кейбір науқастар жұмысын немесе оқуын жалғастыруы мүмкін. Статистикалық деректерге көз жүгіртсеңіз, өңірде туберкулезбен ауыратын 220 науқас есепте тұр. Бұл барлық туберкулезбен ауыратын науқастардың 55,1 пайызға жуығы. Олардың басым көпшілігі 2021 жылы анықталған. Науқастарды емдеу тиімділігі біздің облыста 78,6 пайызды құрайды.

Туберкулезді емдеу барысында тамақтану маңызды рөл атқарады. Тамақтану толық, жоғары калориялы және теңгерімді, тәулігіне алты рет болуы керек. Туберкулезді уақытылы анықтау және ерте бастан емдеу арқылы сырқаттар құлан-таза айығуға болатынын есте ұстаған жөн. Емделушілер заманауи емдеу тәсілдерін тиімді қолданған уақытта емделіп шығады. Қалған емделушілерге емдеу режимі бұзылғанда аурудың асқынып, бой бермей кететінін еске салудың артықтығы болмас. Бұл орайда, дәрігердің тұрақты бақылауында болып, жоғарыда айтқанымыздай, үздіксіз емделу қажет.

Сырқаттардың жеке гигиеналық шараларды сақтаулары қажет. Салауатты өмір салтын ұстану да басты шарттардың бірі.

Сәуле СҰЛТАНБЕКОВА,
Ақмола облыстық фтизиатрия  орталығы директоры
орынбасарының міндетін атқарушы, жоғары санаттағы фтизиатр дәрігер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар