– Қазақстан БҰҰ рейтингінде электрондық үкіметті дамыту бойынша 28-орынды иеленді. Бұл туралы бүгін өзінің Instagram парақшасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин деп хабарлайд ҚазАқпарат.
Рейтингті шығару барысында БҰҰ сарапшылары электрондық қызметтер мен адами капиталдың дамуын, сондай-ақ телекоммуникациялық инфрақұрылымды бағалайтынын еске сала кетейін. Бұл рейтинг соңғы рет 2020 жылы жарияланған болатын. Біз коронавирус пандемиясына және басқа да қиындықтарға қарамастан екі жыл ішінде өз көрсеткіштерімізді жоспарлы түрде жақсарта алдық.
Цифрлық үкіметті дамыту Мемлекет басшысының ерекше бақылауында, Қасым-жомарт Кемелұлы цифрлық трансформация елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтынын атап өтті. Біз осымен тоқтап қалмай, отандық ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың сапасын арттыру бағытында тиісті жұмысты жалғастыратын боламыз. Болашақта көшбасшылардың қатарынан көрініп, БҰҰ рейтингінде 20-шы орынды иеленуге тырысамыз!»,-делінген хабарламада.