Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр

– Ақмола облысында кейінгі екі жылда дәрігер тапшылығы 1,5 есеге, яғни 382-ден 244-ке дейін төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір денсаулық сақтау жүйесінде 6 984 медицина қызметкері, оның ішінде 1 483 дәрігер және 5 501 орта медицина қызметкері жұмыс істейді.

«Дәрігерлік кадрлар тапшылығын төмендетуге бағытталған жұмыс саланы дамытудың негізгі векторы болып табылады. Мәселен, кейінгі екі жылда бізде дәрігерлердің тапшылығы 1,5 есеге, яғни 382-ден 244-ке дейін (қалалық жерлерде – 156, ауылдық жерлерде – 88) төмендеді. 159 дәрігер, оның ішінде 55 дәрігер ауылдық жерлерге тартылды», — делінген ведомствоның ресми мәліметінде.

Ведомствоның келтірген деректері бойынша, облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерге барған 35 жас дәрігерге 1 миллион теңге көлемінде көтерме ақы төленді. 101 дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілген, оның 51-і әкімдіктер есебінен, 50-і медициналық ұйымдар есебінен. 143 медицина қызметкері жалпы 589,3 миллион теңге көлемінде тұрғын үй сатып алуға несие алды (1 500 айлық есептік көрсеткішке дейін). «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 74 миллион теңгеге 259 медицина қызметкеріне көтерме ақы берілді.

Дәрігерлік кадрлардың тапшылығын азайту үшін жыл сайын резидентурада оқуға 35 грант, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқуға 50 грант бөлінеді. Орта буын медицина қызметкерлеріне жергілікті бюджет есебінен 190 грант, республикалық бюджеттің 20 гранты, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 50 грант және Ақмола облысындағы аудан әкімінің 1 гранты бөлінеді.

Сонымен қатар, облыс орталығында медицина қызметкерлеріне арналған 40 пәтерлік үй салынды. Егіндікөл ауданында 8 орындық жатақханаға күрделі жөндеу жүргізілді. Атбасар ауданында бос тұрған ғимараттардың бірі 30 орындық жатақхана ретінде қайта жөнделді. Ал, Жақсы ауданында 8 пәтерлі тұрғын үй салынды.

Айта кетсек, Ақмола тұрғындары сегіз айда жедел жәрдемге 172 мың қоңырау шалған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар