Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аудан прокуратурасы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Жұмыс ауыл шаруашылығы жерлерін мал басының, сондай-ақ өндірілетін дақылдардың болуына мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Мониторинг нәтижелері қадағалау актілерімен аудан әкімінің назарына тиісті шаралар қабылдау үшін жолданады.
Актілердің бірі бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстарынан кейін ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша әлеуметтік көмек көрсету мақсатында «Шортанбай 2020» ЖШС-гі ерікті түрде «ҚазАгро» АҚ- нан бұрын сатып алынған 19 мың гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтарып берді.
Осылайша қайтарылған ауыл шаруашылығы жері халықтың қажеттіліктері үшін қайта бөлінетін болады.
Атбасар ауданының прокуратурасы.