Көкшетау қалалық ауруханасында урология бойынша шеберлік сыныбы өтті

 – Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасында жергілікті дәрігерлер үшін урология бойынша операция жасаудың бірнеше түрінен шеберлік сыныбы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шеберлік сыныбына Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының роботтандырылған хирургия орталығының басшысы, жоғары санатты уролог дәрігер Бақтияр Қасымов Астанадан арнайы келіп қатысты. Он төрт жылдан астам еңбек тәжірибесі бар дәрігер ақмолалық әріптестеріне урология саласында операция жасаудың диімді әдістерін көрсетті.

Шеберлік сыныбы аясында бүйректің гидронефротикалық трансформациясы бойынша лапароскопиялық нефрэктомия, бүйрек кистасын лапароскопиялық кесу, торлы протезбен трансобтураторлық слинг уретровезикопексия, әйелдердегі стрессті күйде несептің ұстамауы бойынша урослинг және несеп айдау жолын қалпына келтіру сияқты оталар жасалды. Астаналық дәрігерге жоғары санатты уролог-дәрігер Қайырлы Құлмағамбетов пен уролог-дәрігер Валерий Гагиев көмек көрсетті.

Асистент уролог Валерий Гагиев шеберлік сыныбы арқылы өзінің кәсіби шеберлігін тағы бір рет шыңдай түсті. Оның сөзінше, бұл тәжірибе мекеме жұмысының сапасын және медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттырады.

«Дәрігерлер үнемі шеберліктерін шыңдауы керек, өз дағдыларын жетілдіре отырып, жақсылардан үйренуі керек. Біз әр науқасқа оның ерекшеліктерін ескере отырып, жеке-жеке қарауға тырысамыз. Шеберлік сыныбының біздің жұмысымыздың одан әрі жетілуіне септігін тигізетіні сөзсіз», – деді Валерий Гагиев.

Көкшетау тұрғыны Айман Ахметова бірнеше жыл бойы зәр шығаруда қиындықтарға тап болған. Қалалық аурухананың урологтары жүргізген операциядан кейін әйелдің денсаулық жағдайы айтарлықтай оғалып, дерттен құлан таза айығып шықанын айтады.

«Зәр ұстамау мәселесі 11 жыл бұрын, ұлым дүниеге келгеннен кейін басталды, бастапқыда мен бұл уақытша құбылыс деп ойладым. Алайда, дерт уақыт өткен сайын күшейіп, жағдайым қиындай түсті. Неше түрлі ем қолданып та көрдім, одан еш нәтиже болмады. Осы қалалық ауруханада мықты урологтар ота жасайтынын естіп, әдейі жазылдым. Валерий Валериевичте маған мұндай дертті емдеуде кешіктіруге болмайтынын айтты. Осы отаға келіскеніме еш өкінбеймін. Көңіл-күйім тамаша. Жүздері жылы, қолдары жеңіл урологтар – Қайырлы Құлмағамбетов пен Валерий Гагиевке, сондай-ақ, гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Әсел Уахитоваға, анестезиолог Рүстем Тәженовке және хирургия бөлімшесінің барлық медициналық персоналына шынайы алғысымды білдіремін», – дейді қала тұрғыны.

Айта кетсек, бұдан бұрын ақмолалықтарды оңалту шаралары қалай жүзеге асырылып отырғандығын жазған еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар