Су құбырын қайта жаңарту барысына қоғамдық мониторинг жүргізілді

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстық Қоғамдық кеңес жанындағы заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия өкілдерімен бірлесіп, өңірдің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру шеңберінде Зеренді ауданы Алексеевка кентінде су құбыры желілерін қайта құру барысы мен сапасына көшпелі мониторинг ұйымдастырды.

Осы жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті Құрылыс бөлімі өткен жылдың басында ашық конкурс арқылы мердігер ұйыммен жалпы сомасы 319 млн теңгеге шарт жасасты. Желілердің жалпы ұзындығы – 8,2 км. Шартқа сәйкес жұмыстар ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталуы тиіс.

Алайда, қоғам белсенділерінің айтуынша, солтүстік аймақтарда қыс жақындап қалды, ал нысанның дайындық деңгейі күмән тудыруда, сондықтан тұрғындардың алаңдайтыны белгілі және негізді. Айта кетейік, бұған дейін Алексеевка кентінің жұртшылық өкілдері белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, бастапқыда ақаулары бар жөндеуден өткен ауылдық жолға сапалы жөндеу жүргізуге қол жеткізген болатын.

Ауыл әкімінің айтуынша, жергілікті атқарушы орган үшін ауыл тұрғындары ауыз суды қауіпсіз пайдалана алуы үшін 40 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан су құбырын қайта құруды сәтті аяқтау маңызды.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын визуалды бағалау барысында мониторингтік топ негізінен жобалау сатысына қатысты бірқатар кемшіліктерді анықтады. Жобалық құжаттамадағы олқылықтарға байланысты сорғы станциясын қоршау және объектіге одан әрі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мәселесі шешілген жоқ. Су құбыры желілерінде өрт гидранттарын орналастыру да белгіленген ережелерге толық сәйкес келмейді.

Тапсырыс берушінің хабарлауынша бүгінгі күні объект 82% дайын, қалған жұмыстарды жоба бойынша қажетті өзгерістерді хаттамалық келіскеннен кейін ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарлануда.

Мониторинг қорытындысы бойынша жұмыс тобы ұсыныстарды әзірледі, олар мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен өтетін кеңесте қаралатын болады.

Айта кетейік, сумен жабдықтау инфрақұрылымы әлеуметтік маңызды проблемалық мәселелердің бірі ретінде Ақмола облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар