Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Құтқарушы күнімен құттықтауы

Құрметті азаматтық қорғау саласының ардагерлері және сала қызметкерлері!

Адам өмірі үшін жан аямай күресіп, халықтың қауіпсіздігі жолында қалтқысыз қызмет еткен ерен еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін.  Құтқарушы мамандардың ең басты міндеті – адам өмірін қорғау және сақтау. Ал, бұл жоғары және жауапты миссия. Апат айтып келмейтіні рас.

Тосыннан болған сондай жағдайлар кезінде азаматтарға бірінші болып көмекке келетін төтенше жағдай саласының қызметкерлері, яғни, құтқарушылар. Бұл қауіп-қатерге толы жауапкершілігі зор іс кез-келгеннің қолынан келе бермеуі мүмкін. Өйткені, оған мықты жүрек, қайтпас қайсарлық, машық және тәжірибе керек.

Сіздерді Азаматтық қорғау органдарының мерейлі кәсіби мерекесі – Құтқарушы күнімен шын жүректен  құттықтаймын! Қиын да күрделі қызметтеріңізде алдағы уақытта да толайым табыс, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, амандық тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар