Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңсыз пайда болған 757 полигон жойылды - АРҚА АЖАРЫ

Заңсыз пайда болған 757 полигон жойылды

2022 жылы Ақмола облысында 750-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс полигондары жойылды. Жалпы, тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастырудың 830 заңсыз орны анықталды. Сондай-ақ, бірқатар жауапты тұлғалар стихиялық полигондарды жою шараларын қолданбағаны үшін жазаланды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз болды. 

Экологтардың айтуынша, стихиялық полигондар Ақмола облысындағы ең өзекті мәселеге айналды. Жыл сайын облыс бойынша санитарлық абаттандыру жұмыстарының үш айлығы өткізіледі.  Соған қарамастан, есепке алынбаған стихиялық заңсыз қоқыс үйінділері жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылаудың әлсіздігі және полигондарда коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, орналастыру бойынша қажетті инфрақұрылымның болмауы салдарынан елді мекендердің жанында қайта пайда болады.

–Биылғы жылы ғарыштан түсірілген суреттерден облыста  рұқсатсыз қалдықтарды орналастырудың 830 орны анықталды. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес бүгінгі күні әкімдіктер рұқсат етілмеген полигондардың 757-сін немесе 91 пайызын жойды. Сөйтіп, 2021 жылмен салыстырғанда рұқсат етілмеген полигондар айтарлықтай  азайды. Бірақ, қазіргі уақытта заңсыз полигондарды толығымен жою мүмкін емес. Басты себептердің бірі – облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың заңдастырылған полигондарының аздығы. Мәселен, облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру үшін 130 жер учаскесі бөлінген. Алайда олардың тек 24-і ғана экологиялық талаптарға сай келеді. Облыстың 10 ауданында және Көкшетау қаласында заңдастырылған полигондар мүлдем жоқ. Бұл жағдай өз кезегінде заңсыз қоқыс үйінділерінің пайда болуына әкеліп соғады, – деді брифингте облыстық экология департаментінің басшысы Қадырхан Бейсенбаев.

Жыл басынан бері экологтар облыстың елордалық аумағына, атап айтқанда, Аршалы, Целиноград, Шортанды аудандарына 15 рет, Көкшетаудың маңы бойынша 20 рет, сондай-ақ, Зеренді және Бурабай аудандарына барған. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің ең көп саны Целиноград, Аршалы, Зеренді аудандарында және Көкшетау қаласында анықталды. Сондай-ақ, биыл стихиялық қоқыстарды жою бойынша шаралар қолданбағаны үшін Аршалы ауданы мен Біржан Сал ауданының лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды және тиісті талаптарды сақтамағаны үшін жеке және заңды тұлғалар да жазаланды.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар