Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бюджет жобасы қаралды - АРҚА АЖАРЫ

Бюджет жобасы қаралды

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген бюджет комиссиясының отырысында  2015 жылға арналған облыстық бюджеттің жобасы қаралды.

Облыстық бюджет жобасы облыстың 2015-2019 жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы негізінде құрылған. Отырыста облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров баяндама жасады. 2015 жылы облыстық бюджетке 83,5 миллиард теңгеге жуық кіріс түседі деп  көзделіп отыр. Бюджеттен  білім саласына 9,2 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржы орта білім алуды қамтамасыз етуге, білім сапасын арттырып, техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталады.
Сондай-ақ, денсаулық саласын  дамытуға 7,8 миллиард теңге қаржы қарастырылған.  Бұл салада ана мен баланың денсаулығын қорғау, жүрек-қан тамырлары, туберкулез ауруларының алдын алу  және маман кадрларды даярлау мәселелеріне  басымдық беріліп отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар