Облыс әкімі Сергей Кулагин жеке мәселелерiмен келген азаматтарды қабылдап, сауалдарына құлақ түрді.
Бұл жолы қоғамдық қабылдауда болған тұрғындар өңiр басшысы алдында сумен жабдықтау, жол қатынасы, кәсiпкерлiктi, ауыл шаруашылығын дамыту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру төңірегінде туындаған мәселелерді көтерді.
Айтарлық, Ақкөл қаласының тұрғыны Ильдар Катенов отбасылық туризмдi дамытуға арналған тау-шаңғы базасының құрылысы бо-йынша жобаны жүзеге асыруға жәрдемдесуді сұрады. Кәсiпкердiң айтуынша, бұл жобаны жүзеге асыру қыс және жаз айларында өңірде туризмнiң дамуына септiгiн тигiзетiн болады. Жобаны жүзеге асыру үшін 2 миллиард теңге қаржы қажет көрінеді. Оның 30 пайызын кәсіпкер өз қалтасынан, ал, қалғанын екінші деңгейдегі банктен несиеге алмақ ниетте. Ол үшін ұзындығы 2,5 шақырым төрт шаңғы жолын салатын 20 гектар жер телімі қажет.
Аймақ басшысы қабылдауға келген тұрғындардың әрбірінің сауалын тыңдай келе, барлық өтiнiштердi бақылауға алып, аудан және қала әкімдеріне тиiстi тапсырмалар беретінін жеткізді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.