Қасиетті Рамазан айы басталар алдында, дін атын жамылған бір топ террорист ел тыныштығын бұзып, жазықсыз жандардың қаза болуына себепші болды.
Біз, бұландылықтар, еліміздің тұтастығы мен бірлігі үшін қаза болған ерлердің отбасылары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Еліміздің тыныштығына қол көтерген, жазықсыз жандардың қаза болуына себепші болған жандар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті жазаларын алуға тиіс. Әрине, мұндай жағдайдың себеп-салдарына да терең үңілуіміз керек. Егеменді еліміздің тыныштығын сақтау – әр азаматтың борышы. Қасиетті қазақ жерінде тұрып жатқан барлық ұлт пен ұлыс өкілдерін жаһандағы ең басты құндылық бейбітшілікті сақтауға шақырамын. Еліміздің болашағы, жастарымыздың болашағы үшін береке-бірлігіміз бен ынтымағымызды көздің қарашағындай сақтауға тиіспіз.
Бектас ҚАЖАҚАНОВ,
Бұланды аудандық мәслихатының депутаты.