2022 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 7 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті:
- «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты)– “face to face” сұхбат сауалнамасы әдісі, телефон сауалнамасы (CATI);
- «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі– “face to face” сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);
- «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы– Профильді онлайн платформаны қолдана отырып, “face to face” сұхбат алу әдісі;
- «Демократия институты» Ғылыми-зерттеу қауымдастығы– “face to face”сұхбат әдісі;
- Астана – Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты ОФ ИКСИ «СОЦИС-А»– дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);
- Исследовательская группа DAMU RG– CAWI сауалнама әдісі (Computer Assisted Web Interviewing);
- «Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер халықаралық институты– дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll).
Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарлар туралы ақпарат олардың келіп түсуіне қарай Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылатын болады.