Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлаушылардың 85,52 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді - Қоғамдық саясат институты - АРҚА АЖАРЫ

Сайлаушылардың 85,52 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді – Қоғамдық саясат институты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Еxit poll нәтижесі бойынша 20 қарашада өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында сайлаушылардың 85 пайыздан астамы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Бұл туралы «Астана» телеарнасының тікелей эфирінен AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен, exit-poll нәтижесі келесідей:

Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 85,52 пайыз;

Жигули Дайрабаевқа – 2,67 пайыз;

Қарақат Әбденге – 2,61 пайыз;

Мейрам Қажыкенге – 2,43 пайыз;

Нұрлан Әуесбаевқа – 1,93 пайыз;

Салтанат Тұрсынбековаға – 1,44 пайыз дауыс берілді.

Ал бәріне қарсымын бағанын 3,4 пайызы белгілеген.

Айта кетсек, еліміз аумағында 600-ге жуық сайлау учаскесінде сауалнама өтті. Бұл тұрғыда 74 қала мен 242 ауылды елді мекенде жүргізілді. Қазақстандықтардың 67,71 пайызы дауыс беруге келген.

Exit poll – дауыс берген сайлаушылардың арасында жасырын сауалнама жүргізудің бір түрі.

Астана уақытымен сағат 20.00-де еліміздің 15 өңірінде, ал дәл қазір Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру аяқталды.

Осылайша, еліміздің барлық өңірінде ашылған 10 033 сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты.

Төрт өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар