Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықтың сенімі – бұл ең құнды нәрсе - АРҚА АЖАРЫ

Халықтың сенімі – бұл ең құнды нәрсе

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! Қымбатты достар!

Сіздерді президенттік сайлау науқанының сәтті аяқталуымен құттықтаймын!

Орталық сайлау комиссияның алдын ала деректері бойынша, әділ және ашық сайлауда 81,31% Қасым-Жомарт Кемелеұлы Тоқаев сенімді жеңіске жетті. Бұл жеңіс – ортақ жеңісіміз, Әділетті Қазақстанның жеңісі!

Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше, тарихи науқан өткенін атап өтті.

«Бұл науқанның біздің тарихымызда қалатыны сөзсіз. Exit Poll-дың алдын ала нәтижесі шықты. Әрине, ресми қорытындыны күтеміз. Дегенмен қазірдің өзінде халқымыз маған Президент ретінде және баршаңызға үлкен сенім артты деп айтуға болады. Халықтың сенімі – бұл ең құнды нәрсе. Сондықтан халықтың сенімін бәріміз ақтауымыз керек. Бүгін, міне 21 қарашадан бастап бәріміз жұмысқа кірісуіміз қажет, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Сонымен қатар мықты мемлекет құрамыз десек, ең алдымен, әділдік орнату қажет екенін, онсыз ешқандай да реформа болмайтынын айтты. Оның айтуынша, бәріміз бір ұлт, бір қоғам болып іске кірісуіміз қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне үлкен сенім артқаны үшін коалицияға ризашылығын білдірді.
«Қоғамдық штабқа, сенімді өкілдеріме, еріктілерге рақмет айтамын. Сіздер еліміздің әр түкпіріне бардыңыздар. Ауыл-аймақтар, шалғай елді мекендер назардан тыс қалған жоқ. Ел арасында үгіт-насихат жүргіздіңіздер. Бұл – үлкен жұмыс. Оны мен ешқашан ұмытпаймын. Сол себепті бүгінгі көрсеткіш – бәрімізге ортақ жеңіс», – деді ол.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент сайлауы жаңа саяси дәуірге жол ашатынын айтып, алдағы уақытта басты билік институттары түгел жаңғыртылатынын жеткізді. Сөзінің соңында ол шараға қатысушыларды Жаңа, Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырып, бақ-береке тіледі.

Құрметті жерлестер! Алда бізді үлкен міндеттер күтіп тұр. Тоқаевтің жеңісі – Еліміздің жеңісі!

Талғат Жүнісов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар