Ақмола облыстық сотында татуластырушы судьялар үшін медиаторлар мен психологтардың қатысуымен «Сот медиацияның дамуы мен оның мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов семинар-тренинг қатысушыларына арналған кіріспе сөзінде медиацияның әрі қарай дамуы үшін татуластырушы судьяларға әдістеме, медиатор мен психологтың кәсіпқойлық тәжірибесі қажет екендігін атап өтті. Бүгінгі кездесу өзара ынтымақтастық пен бірлескен іс-шараларды айқындау мақсатында жүргізіледі – деді сот төрағасы.
Семинарда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Дариға Оспанова кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты даулар бойынша медиация өткізудің ерекшеліктері, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Азамат Аймұхамедов экономикалық даулар бойынша бітістіру рәсімдерін өткізу, Көкшетау қалалық сотының төрағасы Қазбек Дегенбаев сот медиациясын өткізу, «ASKEZA» консультативтік-психологиялық орталығының психологы Евгения Ким медиаторлар жұмысының психологиялық ерекшіліктері, Халықаралық медиация орталығының медиаторы Гүлмира Ойнарова психология тұрғысындағы медиация, «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау орталығының психологы Көгершін Сейітқажина қарым-қатынастар мен психикалық жағдайды қалпына келтіру үшін психологиялық көмек туралы сөз сөйледі.
Іс-шараға қатысушылар сөз сөйлеушілердің баяндамаларын талқылап, қорытынды жасады. Психологтар татуластырушы судья мен медиатор психолог болып, мәселені тараптар ретінде сезінуге, көруге және түсінуге тиісті екендігін атап өтті, судья мен медиатордың жұмысын психолог тұрғысынан түсіндірді.
Медиаторлар соттың ынтасымен мектептерде құрылған татуласу бөлмелерін қолдап, барлық білім беру мекемелерінде медиацияны қолдануды ұсынды және медиативтік келісімнің мәртебесін талқылады.
Қатысушылар семинар-тренингтің жұмысын қорыта келе, бірлескен жұмыс үшін ұсынымдар мен бағыттарды әзірледі. Судьялар мен медиаторларға жалпы білім беретін мекемелерге барып, психологтармен өзара қарым-қатынас орнатып, тұрақты негізде тренинг өткізу жөнінде ынтымақтастық қадамдарға барып, бітістіру рәсімдерді кеңінен насихаттау ұсынылды. Татуластырушы судьялар мен медиаторлардың кәсіпқойлығы қоғамдағы даулылық деңгейін төмендетуге септігін тигізеді деген сенім бар.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.