Ел рухын көтерген құнды Кино туынды

Көкшетауда «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің премьерасы болып өтті

Облыс әкімі Сергей Кулагин «Cinema Alem» кинотеатрында өткен «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртiншi бөлiмi «Тығырықтан жол тапқан» фильмiнiң премьерасында болып, оны көргеннен кейінгі өзінің алған әсері туралы ой  бөлісті.

Бұл фильмнің алғашқы көрсетілімін соғыс және еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен жастар арнайы тамашалады. Мәдениет және спорт министрлiгiнiң тапсырысымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген туындыда Мемлекет басшысының сонау 1970 жылдардан бергі еңбек жолы баяндалады. Рүстем Әбдірәшев режиссерлық еткен бұл фильмнің түсірілім жұмыстарына қазақстандық өнер майталмандарынан басқа Валентин Гафт, Евгений Сидихин, Владимир Стеклов, Евгений Стычкин, Виктор Сухоруков сынды ресейлiк
актерлер де қатысқан.
Жаңа картина Мемлекет басшысының Теміртау комбинатының партком хатшысы болып сайланып, үлкен саясатқа енді араласа бастаған кездегі еңбек жолын, сол тұстағы Қазақстан металлургиясының жай-күйін, ірі магнитканың ауыр халін баяндайды. Әйткенмен, қиындықтан қаймықпай, еліміздегі ең ірі ұжымды ілгері бастай білген табандылығының арқасында Назарбаев алға қойған мақсатына жетеді. Әрине, ақмолалықтар өз жерлестері, Нұрлан Әлімжановтың басты рөлде ойнағандығына ерекше қуанып, Ұлт Көшбасшысының жас кезіндегі тұлғасын сомдаудағы шеберлігіне тәнті болды.
– Елімізді әлем санасын іргелі мемлекетке айналдырған Президенттің бар қырын бұл фильммен толық ашып, тану мүмкін емес. Ол тек бұл бағытта жасалар еңбектің бір пұшпағы ғана. Көптеген қиындықты бастан кешсе де ерік-жігері мұқалмаған, қашанда тығырықтан жол тауып, елімізді түрлі сын-қатерлерден аман алып шығуды көздеп жүрген Ұлт Көшбасшысы жайлы қанша фильм түсірсе де артықтық етпейді. Мен бұл туындының жастардың қайратты болып қалыптасып, мақсатшыл болып өсулеріне үлкен әсерін тигізетіндігіне сенімдімін, − деді көрермендер картинаны тамашалап болғаннан кейін  облыс әкімі.
Айта кетейік, бұған дейін «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен» және «Теміртау» туындылары жарық көрген болатын. Кеше 2011 жылдан бері түсіріліп келе жатқан туындының бұл бөлімі республиканың 25 қаласындағы 50 кинотеатрдан көпшілікке жол
тартты. Тұсаукесерге жиналған ақмолалық көрермен «Ұлт Көшбасшысы. Миссия – халыққа қызмет ету» және «Жүректе қалған кездесулер» атты фотосуреттер топтамасынан  Мемлекет басшысының өміріндегі жарқын сәттермен таныса алды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар