Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа жылу беру маусымында өрттен сақ болайық - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа жылу беру маусымында өрттен сақ болайық

Ақмола облысында өткен  2022-2023 жылға қысқы жылу беру кезеңінде 105 өрт шығу оқиғасы орын алған. Осының салдарынан 3 адам қаза тапты, ал, бір адам көміртегі тотығымен уланса, тағы 3 адам жарақат алды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Манат Бегалин мәлімдеді.

Маманның айтуынша, көбіне өрт пештерді дұрыс пайдаланбаудан шығады. Өткен кезеңде осындай 41 жағдай тіркелген. Ал, тағы 26 жағдайда электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, 24 жағдайда халықтың отты абайсыз қолдануы және 7 жағдайда қасақана өртеу орын алған.

–Биылғы жылу беру маусымындағы өрттердің санын азайту мақсатында осы бағытта маусым айынан бастап алдын алу жұмыстары жүргізілді. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, жалғыз тұратын мүгедектердің және өртке қарсы профилактикалық жұмысқа мұқтаж зейнет жасындағы адамдардың тізімдері жаңартылды. Мемлекеттік органдардың ұсынылған мәліметтеріне сәйкес облыс аумағында атаулы профилактикалық жұмысты қажет ететін 7 749 отбасы бар. Өткен жылу беру кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 1 343 көміртегі тотығының дербес датчигі орнатылды, 1 452 түтін шығаратын құрылғы тазартылды, – деді.

Департамент қызметкерлері жылыту кезеңі басталғаннан бері барлығы 100 мыңнан астам үйге барып, оның барысында өрт қауіпсіздігі ережелеріне қатысты 9 мыңға жуық бұзушылықты анықтаған. Негізгі олқылықтар автономды жылыту жүйелерінің ақаулары және электр желілері мен жабдықтарын пайдалану кезіндегі бұзушылықтарда жатыр. Өрт шығу жағдайларының көпшілігі дәл осы себептерге байланысты туындайды. Зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей, өрттердің ең көп саны ескі үйлердің электр сымдарының тозуына, электр сымдарын өз бетінше орнату кезінде ережелердің бұзылуына, пештер мен мұржалардың дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты болып келеді.

–Көбіне адамдар өрт қауіпсіздігі ережелерін елемейді, үй құрылысына қатысты жөндеу жұмыстарының да тиянақты жүргізілмеуінен осындай жағдайлар орын алады. Тұрғын үй бөлмелерін әрлеу үшін қолданылатын құрылыс материалдары өрттің тез таралуына ықпал ететінін естен шығармау керек. Өз тарапымыздан облыс азаматтарына өрттің алдын алудың маңызды шарты – өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау және орындау екенін тағы да бір еске салғым келеді, – деп толықтырды өз сөзін брифинг соңында Манат Бегалин.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар