Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында Қоғамдық кеңес ЖТҚ-ға жер телімдерін беруді өз бақылауына алды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында Қоғамдық кеңес ЖТҚ-ға жер телімдерін беруді өз бақылауына алды

Ақмола облысының Қоғамдық кеңесінің заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысында жер қатынастары саласындағы проблемалық мәселелер қаралды.

Кеңеске өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшылығы, Қоғамдық кеңестің төрағасы, Кеңес жанындағы комиссиялардың төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Сөз барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин атап өткендей, бүгінгі таңда жер мәселелері өңір халқы үшін өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Сонымен қатар, бұл сала сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың бірі болып табылады. Мысалы, ағымдағы жылдың тамыз айында Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің меңгерушісі А.Вазиров сотталды, ол қосымша жер учаскелеріне жалға беру құқығын беруге жәрдем көрсету сылтауымен екі кәсіпкерлік субъектісінің өкілінен ақша қаражатын алдау және сенімге қиянат жасау жолымен жымқырған.

«Қылмыстық статистиканы және азаматтардан келіп түскен шағымдардың көптігін ескере отырып, бұл сала облыстың Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына енгізілген. Бүгінгі таңда уәкілетті органдармен бірлесіп, жерді мемлекеттік қорға қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл мәселелер біздің бақылауымызда», — деді Айдос Жақиялин.

Отырыс барысында қатысушылар облыстың елді мекендерінде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін берудің проблемалық мәселелерін талқылады.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшылығының ақпараты бойынша, бүгінде азаматтар eGov.kz порталы арқылы жер учаскесін алу үшін өз бетінше өтінім бере алып, осы порталда өз кезегінің қозғалысын қадағалай алады, сондай-ақ бұрын берілген өтініштер бойынша деректерді өзектендіре алады. Егер 2021 жылы кезекте 120 мыңнан астам адам тұрса, ағымдағы жылы берілген өтініштердің саны 240 мыңнан асты.

Бұл ретте, жер учаскелерін беру мәселесіндегі негізгі проблемалар қаржыландырудағы қиындықтарға байланысты тиісті инфрақұрылымы бар дайындалған алаңдардың болмауы, елді мекендердің бас жоспарларында ЖТҚ дамыту үшін мүмкіндіктердің болмауы, сондай-ақ тұрғын үйге іс жүзінде мұқтаж емес, тиісінше тұрғын үй салуға мақсаты жоқ адамдардың өтініш беруі болып табылады. Проблемалық мәселелерді реттеу үшін Басқарма облыс өңірлерінің әкімдіктерімен және тұрғындармен көшпелі кездесулер өткізді, сондай-ақ жер заңнамасына түзетулер енгізу бойынша орталық мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолдады.

Осы мәселенің өзектілігін атап өткен облыстың Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ермек Нұғманов Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілген әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу бойынша Антикор, мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың тығыз өзара іс-қимылының қажеттілігін атап айтты.

Отырыс соңында Комиссия мүдделі мемлекеттік органдармен және БАҚ-пен бірлесіп жер қатынастары саласының мәселелерін егжей-тегжейлі қарауды, бірлескен қоғамдық мониторинг жүргізуді, Тәуекелдер картасының проблемалық мәселелерін Ақмола облысының Қоғамдық Кеңесінің келесі жылға арналған жұмыс жоспарына енгізуді ұсынды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар