Тәуелсіздік мерекесіне орай Көкшетау қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы шағын орталықта «Біз – тәуелсіз елміз» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Шараның мақсаты балалардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу болып табылады. Тәрбие сағаты барысында бүлдіршіндер еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігі жайлы мағлұмат алды.
Тәрбиешілер Замира Құдабаева мен Камета Дәулетова балаларға желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігі жайлы баяндап, егемен еліміздің баға жетпес байлығы екенін, оны баянды ету білімді, саналы, парасатты ұрпақтың қолында екенін айтты. Өз кезегінде балалар да тәуелсіздік тақырыбында өлең жолдарын жатқа айтып, әннен шашу шашты.
Көкшетау қалалық
№7 жалпы орта білім беретін
мектеп жанындағы шағын орталық.