Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан халқының саны 19 млн 715 мыңнан асты - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан халқының саны 19 млн 715 мыңнан асты

 — 1 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны — 19 715 182 адам, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалықтар – 12 169,1 мың. Ауылдықтар – 7 546,1 мың.

Халықтың 48,8 пайызы — ерлер, 51,2 пайызы — әйелдер.

2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 212 мың адамға немесе 1,1%-ға өсті.

2022 жылғы қаңтар-қазанда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда (222,3 мың адам) 0,6%-ға кеміп, 221 мың адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2022 жылғы қаңтар-қазанда 333,1 мың сәби дүниеге келді, бұл — 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11,4%-ға аз (375,9 мың адам).

1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті — 20,37.

Қарастырылып отырған кезеңде 112,1 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылғы қаңтар- қазанға қарағанда 27%-ға аз (153,6 мың адам).

Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға — 6,86 факті.

2022 жылғы қаңтар-қазанда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 2 684 нәресте тіркелді және 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (3 020 шетінеген нәресте) 11,1%-ға кеміді.

Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғанға шаққанда — 8,06 оқиға.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар