Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттің күші – елімізді дамытуға құлшынған мамандардың қолында. Сонымен бірге, мемлекеттік жобалар мен бағдарламалардың табысты жүзеге асуы мемлекеттік қызметшілердің тындырымды жұмысы, тәжірибесі, кәсібилігі және жеке бас қасиеттерімен тікелей байланысты. Бүгінгі таңда Ақмола облысының 702 мемлекеттік органдарында алты мың мемлекеттік қызметшілер мінсіз еңбек етіп жүр.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде мемлекеттік қызметтің тиімді жаңа моделі қалыптасып, бұл азаматтарға шенеуніктердің жұмысын көріп, бағалауға мүмкіндік берді. Жыл санап мемлекеттік аппараттың жұмысы жақсара түсіп, оған қоса, қызметкерлерге қойылар талап та бұрынғыдан зор.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының алғашқы 15 қадамы Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесіне арналуы да бекер емес. Мемлекет басшысының стратегиясы тұрғындарға көрсетілетін қызметтің сапасын арттырып, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын оңтайландыратынына сенімдімін.
Қадірлі жерлестер!
Өңіріміздің одан әрі көркеюі Сіздердің өз істеріңізге деген адалдықтарыңызға, ұстанған азаматтық белсенді позицияларыңызға және отансүйгіштік қасиеттеріңізге байланысты болмақ. Ақмолалықтардың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы Сіздердің жанкешті қызметтеріңіздің жемісіне тәуелді. Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және кәсіби тұрғыда өсіп-өркендеуді тілеймін.
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.
Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын!
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді көрсету және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және автономдық корпусын қалыптастыру бойынша тындырымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта нақты шараларды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасында белгілеп берді. Осылайша еліміздің мемлекеттік басқару жүйесі әр азаматтың өмірін жақсартуға ықпал етуде.
Тәуелсіз Қазақстанның дамып, өркендеуі жолында аса білікті, өз кәсібіне адал мемлекеттік қызметшілердің рөлі орасан зор. Бізді алда үлкен міндеттер күтіп тұр. Олардың ойдағыдай орындалуы біздің нәтижелі еңбегімізге байланысты. Осы мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, жұмыста батылдық, мақсаттарға қол жеткізуде табандылық, туған еліміздің игілігі үшін істеп жатқан істеріңізге табыс тілеймін.
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.