Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сабырхан Кенжебаев өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңындаөткен брифингтеүстіміздегі жылы атқарылған істердің жай-жапсарына тоқталды.
Басқарманың негізгі мақсаты қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту, ұлт тірлігін ұйытып, мемлекет пен азаматтық сектордың жүйесін қолдау, өңірдегі ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бақытталған мемлекеттік ішкі саясатты жүзеге асыру болып табылады. Осы орайда, алдымен саяси партиялардың жұмысы туралы сөз сабақтаған ләзім. Өңірде саяси партиялардың бес облыстық филиалы жұмыс істейді. 537 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде облыстық консультативтік кеңес қыруар жұмыс атқаруда. Басқармалар мен аудан, қала әкімдіктерінде үкіметтік емес ұйымдардың іс-қимылын үйлестіретін 35 уәкіл бар.
Облыста 2006 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан мемлекеттік, әлеуметтік тапсырыс мемлекеттікоргандар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы тиімді ынтымақтастық тетіктерінің бірі болып табылады. Ағымдағы жылы азаматтық бастамаларды қолдау мақсатында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 686,5 миллион теңге көлемінде қаражатпен қамтылған 89 жобаны жүзеге асыру көзделген.
Жыл басынан бері өңірде ұзын-ырғасы барлығы 9 мыңнан астам әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Ең айтулы қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы. Сайлауға байқаушылар ретінде азаматтық қоғам өкілдері белсене қатысты.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысы жалғасуда. Бұл жұмысқа жергілікті ғалымдардан бес жұмыс тобы құрылды. Үш мыңнан астам мұрағат ісі зерделенді. Үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша ғалымдар мен сарапшылардың еңбектерін екшеген екі жинақ шығару көзделіп отыр.
Қоғамды топтастыру, бірлікті нығайту бағытында да айта қаларлықтай жұмыс атқарылуда. Есептік кезең ішінде мемлекеттік, квазимемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып, 1237 шара өткізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тілі ретінде дамыту мақсатында орталық жұмыс істейді. Орталықтың құрамына облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің білім алушылары кіреді. Олар жергілікті ұлт тілін біршама жақсы меңгерген өзге этнос өкілдері. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанынан құрылған қоғамдық құрылымдар – қоғамдық келісім, Аналар, Медиация кеңестері, ғылыми сараптамалық топ, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің одағы, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдігі тәрізді ұжымдар жұмыс істейді. Қоғамдық құрылымдар өкілдері мәдени бірлестіктермен бірлесе отырып, 1213 аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті. Жыл басынан бері барлығы 402 миллион теңгеден астам қаржыға 4365 қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Өңірлік тіл саясатын жүзеге асыру өте өзекті мәселенің бірі. Бұл тарапта жанды жұмыс атқарылып жатқандығын айтуға тиістіміз. Өңірде барлығы 20 орталық жұмыс істеп тұр. 344 топқа 3721 тыңдаушы қабылданды. Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді 288 топта 3124 тыңдаушы оқып үйренуде. Сондай-ақ, ағылшын тілін оқып үйренуге де ниет білдірушілер көп екендігін айта кетсек артықтығы болмас.
Ономастика саласында да қыруар жұмыс атқарылды. Қазіргі уақытта облыс аумағындағы ономастика тарапындағы жұмыстар Жол картасына негізделіп, жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында 23 елді мекен мен 108 көшенің атауы өзгерді. Жыл аяғына дейін 11 ауыл мен 2 ауылдық округ және 93 көшенің атауын қайта атау жоспарланып отыр. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай өңірде мыңнан астам ақпараттық-танымдық мәдени шаралар ұйымдастырылғандығын айта кетуге болады. Балалар жылы аясында қазақ тіліндегі үздік шығармалар байқауы өткізілді. Осы жұмыстармен қатар, тіл заңнамасының сақталуы қадағалануда. Заңнамалық талаптарды түсіндіру мақсатында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Тілді дамытуға септігі тиетін «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы облыстық әділет департаментінде тіркелді. Қоғамның 11 аудан мен үш қалада филиалдары ашылды.
Басқарма жұмысының негізгі бағыттарының бірі ішкі саяси жағдайға тұрақты талдау жасау. Осы орайда жыл сайын әлеуметтанулық зерттеулер жүргізілетінін айта кетелік. Ағымдағы жылы 11 сауалнама жүргізілді. Келесі жылы мұндай сауалнама саны 18-ге жетпек.
Облыста жұмыс істеп тұрған 78 бұқаралық ақпарат құралдары бар. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының үлес салмағы шамамен 90 пайыз. Өңірде жетекші республикалық басылымдардың тілшілері жұмыс істейді.
Жастармен де біршама жанды жұмыс атқарылуда. Өңірдегі жастардың саны 150 мыңнан астам. Олар облыс халқының 20 пайызын құрайды. Жастар саясатын жүзеге асыру және жастарды қолдау бағытында мемлекеттік, әлеуметтік тапсырыс қарастырылған. Үстіміздегі жылы 5959 жас жұмысқа орналастыру органдарына жүгінді. Оның ішінде ауылдық жерде тұратын жастар да бар. Әлеуметтік жұмыс орындарына 126 адам, жастар тәжірибесіне 557 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға 590 адам орналастырылды. Мүмкіндігінше жастардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетіледі. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 294 миллион теңгеден астам қаржылық көмек көрсетілді. 1 миллиард 189 миллион теңге көлемінде 262 бюджеттік несие берілді. 2014 жылдан бастап «Серпін» бағдарламасы жұмыс істейді. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде 1337 студент білім алып жатыр.
Облыста еріктілер қызметі де кең өріс алуда. Бұл жұмысқа үш мыңнан астам ерікті тартылған. 18 жастар ұйымы белсенді жұмыс атқаруда. Ақмолалық жастар спортқа да мейлінше көңіл бөледі. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін оларға 29 спорт мектебі мен мектеп-интернатында қолайлы жағдай туғызылып отыр. Жоғарыда аталған мекемелердің жұмысына 118 мыңнан астам жастар белсенді қатысады. Нашақорлықтың алдын алу бағытында да айта қаларлықтай істер жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды насихаттап, әскери-патриоттық тәрбие беру орайындағы жұмыс та талапқа сай атқарылуда.
Байқал Байәділов.