Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов жұмыс сапарымен Қосшы қаласында болып, жаңа шаһардың өзекті мәселелеріне көңіл бөлді.
Сапар барысында қала әкімі Гайдар Қасеновпен, қалалық мәслихаттың хатшысы Болатбек Ибраев, қала әкімінің орынбасары Әлихан Қуатбеков және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабділбар Абақовпен әңгіме арасында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтыла отырып, Қосшы қаласының аға буын өкілдерінің ұсыныстары мен тілектері, әлі шешілмей жатқан проблемалық мәселелері жеткізілді.
Мәслихат хатшысы қаланың бас қазандығына барып, ағымдағы жағдай мен жылу беру маусымының барысы туралы ақпарат алып, жұмысшылармен әңгімелесті. Қазіргі уақытта Қосшы қаласының орталық қазандығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Көмірдің жеткілікті қоры бар.
Автономдық блоктық-модульдік қазандықтан жылу алатын «Табыс Құрылтай» көп қабатты кешенінде болған Талғат Тұрлыбекұлы осы тұрғын үйдің пәтерлерінде температуралық режимнің қалай сақталатынын көрді және тұрғындармен сөйлесті.
–Жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында қазір халықтан шағымдар көп емес екеніне көз жеткіздім, өйткені, қала мәртебесіне ие болғаннан кейін Қосшы өзінің дамуы үшін үлкен трансферттер алуға мүмкіндік алып отыр. Әрине, қиындықтар әлі де жеткілікті. Қала басшылығы мен мәслихат хатшысы көптеген проблемалар облыс әкімі Ермек Мажықпаевтың, жергілікті қоғамдастықтың қолдауының арқасында, сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаттарымен белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде оң шешіліп жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда ең маңызды және барлық құзырлы органдардың назарын талап ететін мәселе – тұрғындарды жылумен, сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мәселені мен әріптестерімнен күнделікті бақылауда ұстауды сұрадым, – деп түйіндеді сапар қорытындысы туралы облыстық мәслихат хатшысы.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.