Мемлекеттік қызметші күніне орай, облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп, спорттың бірнеше түрінен жарыс ұйымдастырды.
Алдымен, «Бурабай» спорт сарайында жарыстың ашылу салтанаты болып өтті.
Жарыстың ашылу салтанатынан соң, мемлекеттік қызметшілер «Бурабай» спорт сарайында тоғызқұмалақ пен бассейнде жүзуден өзара бақ сынаса, қала сыртындағы шаңғы базасында спринтерлік жүгіру мен кросқа қатысты. Сонымен қатар, олардың қатысуымен бұқаралық велошеру де өткізілді.
Жарыстың екінші күні ерлер арасында пневматикалық винтовкалардан нысана көздеу, граната лақтыру, ұзындыққа секіру, кермеде тартылу сияқты байқаулар ұйымдастырылса, әйелдер арасында дененің иілу және бүгілу жаттығулары бо-
йынша сайыс өтті.
Тоғызқұмалақ ойынында ерлер арасында жеке есеп бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қызметкері А.Әбжанов жеңімпаз атанды, екінші орынды тексеру комиссиясының қызметкері Р.Кәрімов иеленді. Үшінші орын мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері А.Әлімжановқа бұйырды. Әйелдер арасында құрылыс басқармасының екі қызметкері А.Қайырбек пен Г.Кинжалина бірінші, екінші орындарды жеңіп алса, үшінші орынды Бұланды ауданы әкімі аппаратының қызметкері Г.Тілеубаева иеленді.
Командалық есепте бірінші орынды қазынашылық департаменті, екінші орынды экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, үшінші орынды құрылыс басқармасы жеңіп алды.
Ал, 8 шақырым қашықтыққа созылған бұқаралық велошеруге жүзден астам адам қатысты. Велошеруде «Жеңімпаз» аталымы бо-йынша 2001 жылы туған С.Срибный марапатталса, «Мақсатқа жетуге құштарлық» аталымын 1938 жылы туған Б.Жилтыкин жеңіп алды. Ал, «Ең үлкен команда» аталымын облыстық ішкі істер департаменті иеленді.
Мерген ТОҚСАНБАЙ