Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төлеген Қажыбаевтың 80 жылдығына орай 300-ге жуық мәдени шара өткізілді - АРҚА АЖАРЫ

Төлеген Қажыбаевтың 80 жылдығына орай 300-ге жуық мәдени шара өткізілді

Ақмолалықтар Төлеген Қажыбаевтың 80 жылдығын дүркіретіп атап өтті
Биыл кербез Көкшенің төл тумасы, танымал ақын, прозашы, драматург, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты Төлеген Сыздықұлы Қажыбаевтың туғанына 80 жыл толды.

Төлеген ағамыздың қазақ әдебиеті мен мәдениетінің, қазақ руханиятының жанданып дамуына қосқан үлесі орасан зор екенін Көкшетау ғана емес, күллі қазақ жұртшылығы біледі. Оның жазған мөлдір жырлары, ой салар әңгімелері осынау жастардың көкейлерінде мәңгі жаттаулы қалары сөзсіз. Себебі, Төлеген ағамыз – поэзия мен прозаның шыңына шыққан алып тұлға. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова кеңінен тарқатып айтып берді.

Басқарма басшысы атап өтендей, саналы ғұмырын қазақ әдебиетінің дамуына арнаған қарынды қаламгер 30-дан астам кітабын жарыққа шығарып 50-ге жуық әнге сөз жазып 10-ға жуық драманың авторы атанып аудармашы ретінде де танылды.

Ақтұйғын ақын, қажырлы қайраткер, тамаша драматург, прозашы Төлеген Қа¬жыбаевтың 80 жылдығына орай Ақмола облысы мәдениет ошақтарында 300-ге жуық іс-шара жоспарланып өткізілді.

Іс-шаралар қатары Мәлік Ғабдуллин музейімен ұйымдастырылған «…Мен сенің өміріңнің жалғасымын…» атты Төлеген Қажыбайдың ұлы – әдебиеттанушы, ғалым, ақынның ұлы Аян Қажыбаевпен кездесу кешімен бастау алды.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласында Төлеген Қажыбаевқа арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Төлеген Қажыбаевтың үзеңгілес жолдастары, ақын інілері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының мерейтой иесіне орай «Көкшенің төл перзенті Төлеген» атты облыстық онлайн челленджі, «Тоқсан толғаулы қалам иесі» атты әдеби кеші, сонымен қатар, Көкшетаулық зиялы қауым өкілдері, Ш.Уәлиханов ұстаздары мен студенттерінің қатысуымен Әдебиет және өнер музейінің ұйымдастырылып өткізілген «Төлеген Қажыбайдың әдеби мұрасы: тарих пен тағлым» атты ғылыми-теориялық конференциясы, Көкшетау қаласының ақпараттындырылған кітапхана жүйесінде өткен «Тағдырылы ақын — Төлеген» атты еске алу кеші және «Көкшетау»мәдениет сарайында Көкшетау қаласы тарихы музейінің ұйымдастыруымен «Көкшенің текті тумасы, тұғырлы тұлғасы» атты көрмемен жалғасты.

Сонымен қатар, көпшілік оқырман қауымға облыс кітапханаларында мерейтой иесіне арналып «Тағдырылы ақын — Толеген», «Туған жер перзенті», «Өшпес дарын», «Мөлдір сөздің шебері», «Туған жердің жыршысы», «Көкшеден көтерілген көк қаршыға», «Шындықты жырлаған ақын» кітап көрмелері, ақпараттық сағаттар, әдеби кештер және тағыда басқа көптеген іс-шаралар өтті.
«Киелі Көкше жерінде жазушы Төлеген Қажыбаевтың рухани мұрасын дәріптеу, келешек ұрпақты әдебиетке баулу мақсатында Төлеген Сыздықұлы Қажыбаевтың 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың қорытындысы ретінде «Көкшетау» мәдениет сарайында «Толғауы тоқсан Төлеген» атты республикалық ақындар мүшайрасы өтті. Бұл жыр додасына Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстары мен Астана қаласынан жырдан күмбез жасайтын 18 бен 40 жас аралығындағы 33 жас ақын қатысты. Бас жүлде 1 миллион теңгенің сертификатын Көкшетаулық ақын Қуаныш Оспанов иеленді. Сонымен қатар, облыстың қара шаңырағы Ш.Құсайынов атындағы театр сахнасында Төлеген ақынның «Жындар биі», «Ар мен Ақша», «Ұмытпа мені, Гәккуім» пьесаларынан құрылған «Қалдырған» қойылымы сахналанды», — деді басқарма басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар