Көкшетау жоғары колледжін бітірген түлектерге кәсіби мамандық алғандығы жөнінде куәлік пен диплом тапсыру салтанаты болып өтті. Осы шараға қатысып, құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жұмысшы мамандығын таңдаған жастарға ақ жол тіледі.
Аталған колледж 2011 жылдан бастап эксперимент түрінде Қазақстанда бірінші болып төрт мамандық бойынша: құрылыс саласы, жол құрылысы, автосервис және машина жасау технологиялары мамандықтарына арналған қолданбалы бакалавриат бағдарламасы негізінде білім бере бастаған еді. Бұл оқу бағдарламасының ерекшелігі – оқушылар бірінші курстан бастап серіктес кәсіпорындардың өндірістік жұмыстарына белсене қатысып, олардың тапсырысы бо-йынша өнім шығарумен айналысады. Яғни, оқу бітіргенде дайын кәсіби маман болып шығады. Биылғы жылы тоғызыншы сыныптан кейін келіп түскен 88 оқушы колледжді бітірді. Оқу бітірген мамандардың басым көпшілігі, атап айтқанда, 67 түлек ірі кәсіпорындардың шақыруымен өз мамандықтарына сай бірден жұмысқа орналасатын болды.
Клара ӘЛИЕВА,
тәрбие жөніндегі директордың
орынбасары.