Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарлама - АРҚА АЖАРЫ

Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарлама

Қазіргі күні  білім беру жүйесі инновациялық экономиканың  да дамуында жетекші рөл атқарады, әрі оны айқындай түседі. Сондықтан, бүгінгі күні еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үдерісінің тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені, қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сол себепті, білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған бағдарламасы – заман  тынысын дөп басатын,  келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың жоба десек артық кеткендік емес. Бұл ретте, оқу орындарындағы білім беру мазмұнын жаңартуға үлес қосар мұғалімнің орнын айрықша атап өтуге болады. Сондықтан, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша  Көкшетау қаласындағы №16 орта мектепте  ауқымды жұмыстар атқарылуда.  Барлық бастауыш сынып мұғалімдері  шеберліктерін шыңдау мақсатында арнайы курстарды тәмамдады.   Аталмыш жұмыс алдағы уақытта да жалғасып, мектебіміздің барлық мұғалімдері  жаңа формат бойынша  біліктіліктерін  арттырады. Бұл білім берудің жаңартылған мазмұнын табысты енгізу үшін өте маңызды. Замана көшіне ілесе білу білімді балаларды оқытып шығаруға сеп болмақ.
Бүгінгі күні ұстаздар инновациялық  технологияларды  игеріп, жаңа сабақ үлгілерін  көрсетуде. Сабақтардың мазмұны  оқушылардың білімдерін толықтыру және дағдыларын кеңейтуге бағытталып, онлайн сабақтар, семинарлар, әдістемелік құралдар, шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Өз кезегінде мұғалімдердің үздік  сабақ бейне материалдары  мектеп  сайтында орналастырылып, үнемі толықтырылып тұрады.
Әлбетте, жаңартылған бағдарламаның артықшылықтарымен   ата-аналар да таныстырылады. Үстіміздегі жылдың мамыр айында мектеп директоры Роза Сарманованың жетекшілігімен   ұстаздар мен ата-аналардың бірлескен  отырысы  болып, мектеп әкімшілігі жаңартылған оқу бағдарламаларының негізгі ережелерін түсіндіріп, тренингтер  өткізді. Жаңа 2016-2017 оқу жылында мектебімізде үш қазақ, үш орыс тілінде  1 сыныптар ашылып, барлық оқушы  бастауыш білім берудің жаңа  мемлекеттік стандарты бойынша  оқытылмақшы.

Раушан МАҒЗҰМОВА,
Көкшетау қаласындағы №16 орта мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар