Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Д.Зәкиева көкшетаулықтармен кездесті - АРҚА АЖАРЫ

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Д.Зәкиева көкшетаулықтармен кездесті

Әлеуметтік мәселе, оның ішінде денасулық сақтау саласы партияның күн тәртібінен әсте түскен емес. Бүгінде партия жанынан құрылған Отбасы және халықты әлеуметтік мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестер халықты  әлеуметтік қорғауға, сондай-ақ отбасы мен балаларды қолдау мәселелері бойынша ұсыныстар мен мәселелерді талқылауға арналған алаңға айналды.

Бүгін Көкшетау қаласына жұмыс бабымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Динара Болатқызы Закиева  мемлекеттік емес ұйым өкілдері,  денсаулық сақтау, білім беру, спорт және әлеуметтік қамсыздандыру мекмелеренің өкілдерімен кездесіп,  бұл саладағы түйіткілді мәселелерді талқылады.

Өз кезегінде Парламент депутаты, Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Динара Болатқызы өткен жылда атқарылған жұмысқа тоқталып, әлеуметтік салада көптеген жаңалықтар мен  жақсы өзгерістерді баяндады.  Атап айтқанда, депутаттардың  Балалар жылы бойынша енгізілген ұсыныстар Президент жолдауынан орын алып, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша берілген ұсыныстар ІІМ қолдау тауып, өңірлерде 38 Отбасын қолдау орталықтары ашылған.

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы бойынша өткен жылы 77 интернат жөндеуден өткен. Оның 15-і күрделі жөндеуден өтіп, 1 жаңа 1 қосымша  ғимарат салынған.   «Қауіпсіз қала» акциясы барысында анықталған 94 люк пен 123 электр қалқандары жабылған.  Жалпы жоба аясында саны төрт мың бес жүзден астам іс-шара өткізіліп, «111 Байланыс орталығына» келіп түскен 18 мыңға жуық азаматқа психологиялық, заңгерлік және консультациялық жан — жақты көмек көрсетілген.   Сондай ақ, алдағы жылдары «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы басталып, жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза табысының кемінде 7%-ы «Қазақстан халқына» қорына аударылып отыратындығын жеткізді.

Көкшетаулық ерекше балалармен жұмыс істейтін қоғамдық ұйым жетекшілері аутизм белгілері бар балаларды оңалту, олардың кәмелет жасқа толғаннан кейінгі қоғамға бейімделуі, мүгедек балаларды асыраушылардың туғандарына тегін тамақтану мен қоғамдық көлікте тегін жүруі, аутизм дертіне шалдыққан балаларды тегін оңалту мәселелерін айтып, шағымдарын жеткізді.

Жиын барысында негізінен аутизм спектірі бұзылған балалардың мәселесі көп айтылды. Бұл бағыттағы арнайы мамандардың жетіспеушілігі, мемлекеттік емес ұйымдарды қаржыландыру, олардың материалдық-техникалық базасының аздығы сөз болды.

«Ерекше өмір» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау орталығының жеткешісі Әлия Рахымбекова аутизм дертіне шалдыққан  жасөспірімдердің болашағы туралы сөз қозғады. «Мен өзім осындай бала тәрбиелеп отырғандықтан бұл мәселені түбегейлі білемін. Бала 18 жасқа толғаннан соң ешкімге керек болмай қалады. Біз тіпті балаланы қоғамдық ортаға шығара алмаймыз, үйде жалғыз өзін қалдыра алмаймыз. Ешқандай оқу орны немесе қосымша білім беру орталықтары қабылдамайды. Баланы қоршаған ортаға үйретіп, бейімдеу жұмыстарын күнделікті жүргізуі керек»,-деп шағымын жеткізді ол.

Жиын барысында онлайн форматта өңірдің түкпір-түкпірінен қосылған қоғамдық ұйым жетекшілері Отбасын қолдау орталықтары, Әлеуметтік кодекс және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша, тұрғын үй, денсаулық сақтау, жедел әрекет ету топтары бойынша, жетім балаларды тұрғын үймен қамтасыз ету мәселелерін де көтерді.

Жалпы, кездесу  пікір алмасу форматында өтті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Зәкиева аталған мәселелерді республикалық деңгейде көтеріп,   барынша шешімін табуға ат салысатындығын жеткізді.

Көкшетау қаласына жұмыс сапары асяында Динара Болатқызы мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша ақпараттық үйлестіру оратлығының жанынан құрылған психикалық ауытқуы бар  «Ерекше өмір» балалар орталығының, «Шанс»
кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығы мен «Viamedis» оңалту клиникасының жұмысымен танысты. Аталған орталықтардағы мүмкіндігі шектеулі балаларға жасалған жағдай, оларды оңалту, қоғамға бейімдеу, ата-аналарына психологиялық көмек көрсету жұмысымен танысып, материалды –техникалық базасын қарады.

Сапар барысында «Болашақ сарайындағы» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үйірмелердің қызметін қарап, «Болашақ сарайындағы» үйірмелерге қатысатын 24 мүмкіндігі шектеулі балалардың жұмысымен танысты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар