Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аурухана ауыр жағдайда қалып отыр - АРҚА АЖАРЫ

Аурухана ауыр жағдайда қалып отыр

Ақмола облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ермек Нұғымановтың төрағалығымен  осы кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті. Отырыс барысында «Степногорск қалалық көпбейінді ауруханасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінен келіп түскен ұжымдық үндеу хат талқыланды.

Ұжым мүшелері өз үндеулерін қоғамдық кеңес мүшесі, «Наше право» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владислав Шульге хат арқылы жолдаған екен. Осы мәселе отырыс барысында жан-жақты талқыланып, нақты шаралар қабылдау мәселелері әңгіме өзегіне айналды.Жиынды Ермек Нұғыманов сөз сөйлеп ашып, жүргізіп отырды. Алдымен Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахылбеков баяндама жасап, Степногорск қалалық көпбейінді ауруханасында қалыптасқан ахуалға байланысты жағдайды тарқатып айтып берді.

Бүгінгі таңда ауруханадағы жағдай өте ауыр, кредиторлық берешектің өзі 472 миллион теңгені құрайды. Қоғамдық кеңес төрағасының айтуынша, бұл мәселеге байланысты бұған дейін төрт отырыс болса керек. Аталмыш денсаулық сақтау ұйымының қаржылық-шаруашылық қызметін сараптау мақсатында арнайы комиссия да құрылып, қалаға арнайы барып, мәселенің мәніне тереңірек бойлаған. Өкініштісі, қарызға белшесінен батқан мекеменің қызметкерлерінің көбі жұмыстан өз еркілерімен кетіп жатқан көрінеді.

Мұндайда қазақтың «Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар?»  деген сөзі еріксіз ойға оралады. Шынымен де себеп көп. Біріншіден, қызметкерлерге уақытылы жалақы төленбейді екен, бұдан бөлек, зейнетақы төлемдері де дер кезінде жіберілмейді, тіпті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналардың мерзімінде төленбегенінен мекеме қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесінен айырылып қалған. Базынасынмұңдана жазған қызметкерлер өздері дене қызуымен ауырып жүрсе де,денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз парақшасын ала  алмайтындығын, кей жағдайларда ақылы қызметке жүгінуге мәжбүр екендіктерін,  осындай мүшкіл хәлде жүргендіктерін айтып шағымданады.  «Дәрігер болсақ та, өзімізмедициналық көмекке зәруболып қалдық» дейді олар.Бір сөзбен айтқанда аурухананың өзі «ауыр хәлде». Аурухана ұжымы көмекке зәру. Тығырықтан шығар жол қандай?Ұжым мүшелері бұл мәселені бір емес, бірнеше рет көтерген. Арыз-шағымдарын облыстық денсаулық сақтау басқармасына, министрлік өкілдеріне де жолдаған. Нәтиже жоқ. Ендігі бар үмітіміз қоғамдық кеңесте дейді олар.

«…Сонымен қатар, аурухананың материалдық-техникалық жабдықталуының төмендігін, аурухана 1984 жылы пайдалануға берілген уақыттан бастап, күрделі жөндеуден өтпегендігін атап өтсек дейміз. Аурухана сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілмеген.Әкімшілік туындаған мәселелерді шешу бойынша бірқатар шаралар қабылдады. Кіріс және шығыс бөлігін оңтайландыру, бос алаңдарды пайдалану, материалдық-техникалық базаны жақсарту бойынша жұмыс жүргізілді. Степногорск қаласының әкімі, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Ақмола облыстықденсаулық сақтау басқармасының басшысына, Ақмола облыстық мәслихатына, «ӘМСҚ» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалына туындаған мәселелерді шешуге жәрдемдесу туралы өтініштер жолданды. Аурухана ұжымы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріне хат жолдады. Алайда, бүгінгі таңға дейін біздің мекеменің одан әрі жұмыс істеуіне, кредиторлық берешекті өтеу, дағдарыстық жағдайдан шығу мәселесінің кешенді шешімі жоқ» –  делінген ұжымдық үндеу хатта.

– Кредиторлық берешекті қарастыра келгенде, өтпелі берешек 49,2 миллион теңгені құрайды екен, бұл жалпы берешектің 10,4 пайызы, ал берешектің негізгі бөлігі 2022 жылы қалыптасқан, ол 422,8 миллион теңге сомасында, бұлжалпы қарыздың 89,6 пайызын құрайды. Кредиторлық берешектің пайда болуының негізгі себебі, алдымен медициналық қызметтердің тарифітым төмен болуынан, соның нәтижесінде шығыс бөлігі кіріс бөлігінен асып түсіп отыр. Бірақ, әуел бастан шығындардың дұрыс жоспарланбағанын да  атап өтуіміз керек. Әрине, пандемия да өз ізін қалдырды, соның салдарынан жоспарлы медициналық қызметтердің қысқаруы мен тоқтатылуына байланысты пациенттер саны азайды, ал, 2022 жылы қаржыландырудың жеткіліксіздігі осындай мәселеге  әкеліп соқты. Көлемді қызметтерді қысқарту кезінде аурухана әкімшілігі шығыстарды уақытылы сәйкестендірмеген, керісінше, 147 миллион теңгеге үлкен көлемде дәрі-дәрмектерсатып алынған, дәрілік заттардың кейбірі күні бүгінге дейін сұранысқа ие емес, яғни, пайдаланылмаған, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Сәлімұлы.

Жиында сөз сөйлеген  Степногорск қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Ольга Ищукова болса, кредиторлық берешек төтенше жағдайлар кезінде, яғни, пандемия уақытындапайда болғандығын баса айтады. Яғни, аурухана толық көлемде жұмыс істемеген кезде және қаржыландыру көлемін игере алмаған кезде болған жағдай. Осыған орай, штаттық кестені оңтайландыру жүргізілсе керек. Аурухана басшылығы дағдарыстан шығатын жолдың тетігін іздеп, арнайы Жол картасын құрған. Бірақ, мұның аса тиімділігі жоқ дейді кеңеске қатысушылар. Сонымен қатар, кеңес мүшелері қиын жағдайдан шығудың бірден-бір амалы демеушілердің көмегіне жүгіну қажет екендігін айтады. Мамандардың айтуынша, өтелмеген салық, коммуналдық төлемдердің берешегіне сәйкес Жаңа жылдан бастап мекеменің есепшоты бұғатталады екен.  Яғни, жағдай дереу шара қабылдауды қажет етеді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар