Әлеуметтік сары майдың тапшылығы байқалуда

«Айта-айта Алтайды,Жамал апам қартайды», – демекші, азық-түлік бағасының ретсіз, жөн-жосықсыз шарықтап кеткені жөнінде айтудан, жазудан жалыққан емеспіз, оның жауыр болған тақырыптың біріне айналғаны да рас. Күнкөріс мәселесі халықты толғандырған тақырыптардың бірінен болғаннан соң журналистерді де бұл мәселе мазалайтыны анық. Бірақ, біздің бүгін қозғайтын тақырыбымыз азық-түліктің бағасы емес, оны шектеп сату мәселесі.

Біздің қаузайтын да, қорғайтын да, жанашырлықпен жариялайтынымыз да оқырманның көкейіндегі түйіткіл.Яғни, оқырман мүддесі, оның көкейіндегі сауалына жауап іздеу – басты мақсат. Таяуда бізге Көкшетау қаласының тұрғыны, көп балалы ана Светлана Қадырханқызынан хат келді. Оның айтуынша, соңғы уақытта өңіріміздегі ірі кәсіпорындардың бірінен саналатын «Көкшетау сүт зауыты» кәсіпорын өнімінің бірі – сары майды сатып алуға шектеу қойған. Яғни, бір қолға салмағы 1 келіге жуықтамайтын кішкентай бір бөлігін ғана сатып ала аласыз. Бір адам бірнеше бөлікті бірден сатып ала алмайды. «Сатушылардан өтініп сұрасаң да сатпайды.  Өз басым көп балалы анамын. Қайта-қайта дүкенге баруға уақытым жоқ. Жасым да келген, немере бағамын. Кейде қулыққа басып, бірнеше павильонды аралап бір-бір бөліктен сатып аламын. Бірақ, бұл уақытты алады ғой. Осы мәселенің анық-танығын анықтап, сұрап берсеңіздер екен» деп өтініпті ол жазған хатында.

Біз осы мәселеге байланыстыкәсіпорынға хабарласып, өндіріс меңгерушісі Григорий Гаражанмен тілдестік.

–Біздің компания «Ақмола» әлеуметтік майын күн сайын 300 келі көлемінде өндіреді. Бұл өнім тең көлемде біздің фирмалық павильондар мен «Көкше маркеттеріне»бөлініп, таратылады. Әлеуметтік май тек Көкшетау қаласының тұрғындарына бір келісі 2702 теңгеден сатылады, бұл халыққа әлеуметтік маңызы бар өнімдерді қолжетімді ету мақсатында жасалып отырған игі шара. Олөндірістегі барлық басқа өнімдер сияқты 100 пайыз табиғи өнім, табиғи сүттен жасалған, – дейді ол.

Өзіндік құны бойынша бұл майды өндіру үшін компания қаптаманы, логистиканы және басқа да шығындарды есептемегенде,әлеуметтік бағамен сатылатын майдың құнынан көп көлемдеқаражат кететін көрінеді.Тағы бір себеп, алыпсатарлардың өз ықпалы бар.  Себебі, алыпсатарлар әлеуметтік майды павильондардан сатып алып, оны басқа қалаларда 4500 теңгеден әлдеқайда қымбат сататын жағдайларда көрініс тапса керек.

– Біз үшін әлеуметтік майдың тұтынушыларымыздың қолына жетуі өте маңызды, осыған байланысты күніне бірадамға бір бөліктен ғана сатуды ұйғарып отырмыз. Ал, тұтынушы әлеуметтік емес майды кез-келген көлемде сатып ала алады.  Ол бізде пластикалық контейнерлерге салынған, сонымен қатар,қағаз қаптамамен қапталған дөңгелек пішіндес үй майы да саталымға шығарылады, – дейді кәсіпорын қызметкері.

Ұлмекен ШАМЕНОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар