Қарлы боран біраз қиындықтар әкелді

Өткен күндері республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесі және өңірдегі елді-мекен аралық автожолдардың тоғыз учаскесі Ақмола облысында жабық күйінде қалып отыр. Блок-бекеттерде 140 техника, оның ішінде 45 жүк көлігі бар. Бүгінгі күні шиеленісті жағдай әлі де жалғасып тұр деп айтылды облыстық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңыңда өткен брифингте.

3 қаңтарда облыс жолдарында ауа райының нашарлауына байланысты күрделі жағдай қалыптасты. Республикалық және 23 облыстық маңызы бар автожолдардың 22 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыстарға шектеу енгізілді. Республикалық маңызы бар бекеттер мен автожолдар блогынан құтқарушылар Атбасар, Жақсы және Целиноград аудандарындағы жылыту пункттеріне 63 адамды эвакуациялады, оның 5-еуі бала.

–Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесі жабық күйінде қалып отыр, бұл Астана қаласы мен Қарағанды облысы, Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау және Аршалы, Егіндікөл, Қорғалжын, Целиноград аудандарында облыстық маңызы бар 9 учаске. Облыс аумағында 3 қаңтар мен 4 қаңтар аралығында  Ақмола облысының басым бөлігінде боран болды. Жел түнде облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде секундына 15-20 метр, ал, облыстың оңтүстік пен солтүстігінде, шығысында секундына 23-28 метр шапшаңдыққа дейін жетті, – деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Қасымов.

Сондай-ақ, қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты облыста қауіпсіздікті қамтамасыз ету объектілерінде апаттар тіркелді. 3 қаңтар мен 4 қаңтар аралығындағы жағдай бойынша департаментке Аршалы ауданындағы Қостомар, Берсуат ауылдарының елді мекендерінде электрмен жабдықтаудың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінде  судың болмағаны  туралы 9 хабарлама келіп түскен. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Камила Әбделманова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар