Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2022 жылғы қараша айы үшін Ақмола облысының Инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы - АРҚА АЖАРЫ

2022 жылғы қараша айы үшін Ақмола облысының Инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы

Инфляция, базалық мөлшерлеме және алтын валюта резервтері.

Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2022 жылғы қарашада облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы желтоқсан айына қарағанда 119,9 пайызды құрады, 2021 жылдың осы кезеңінде – 107,9 пайыз, республикалық мағынада тиісінше 118,9 пайыз және 107,8 пайызды құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 18,4 пайызға, азық-түлік тауарлары – 24,1 пайызға, ақылы қызмет көрсету тарифтері 15,2 пайызға қымбаттады.

2022 жылғы 27 қазаннан бастап 2022 жылғы 05 желтоқсанға дейін базалық мөлшерлеме 16,0 пайызды құрады. 2022 жылғы 6 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 16,75 пайызды құрайды.

Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 5,0 пайызға өсіп, 89,7 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 33,9 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 55,8 миллиард АҚШ долларын құрады.

Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 13 филиалы және «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.

Валюта нарығы. 2022 жылдың қараша айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 463,79 теңгені,  еуроға – 471,93 теңгені, ресей рубліне – 7,62 теңгені құрады.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақмола облысында 65 айырбастау пункті, оның ішінде: 49 – банк  филиалдарының, 8 – «Қазпошта» АҚ-ның және 8 уәкілетті ұйымның 8 айырбастау пункті жұмыс істейді.

2022 жылғы қарашада облыстағы айырбастау пункттері 10,9 миллион АҚШ долларын, 1,4 миллион еуро және 217,4 миллион ресей рублін сатты. 2021 жылғы қараша айында – 14,3 миллион АҚШ доллары, 2,3 миллион еуро және 770,9 миллион ресей рублі сатылды.

Депозит нарығы. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 284,0 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,9 пайызға өсті, өткен аймен салыстырғанда 1,7 пайызға өсті.

Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 86,4 пайызды құрайды.

Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 10,9 пайыз, шетел валютасы бойынша – 0,8 пайыз болып қалыптасты.

Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 361,0 мың теңгені құрады.

Кредит нарығы. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 409,0 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 38,4 пайызға, өткен аймен салыстырғанда 2,2 пайызға өсті (2022 жылғы 1 қарашаға – 400,2 миллиард теңге).

2022 жылғы қарашада облыс банктерімен берілген кредит сомасы 2022 жылғы қазан айымен салыстырғанда 2,2 пайызға өсіп, 32,1 миллиард теңгені құрады.

2022 жылғы қараша айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 16,6 пайызды құрады.

2022 жылғы қарашада теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 100,0 пайыз болды.

Тұтынушылық кредиттер. Облыс халқының банктердің тұтынушылық несиелері бойынша берешегі 148,0 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы қараша айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2022 жылғы қазан айымен салыстырғанда 18,1 пайызға өсіп, 16 244,3 миллион теңгені құрады.

Ипотекалық кредиттер. Облыс халқының банктердің ипотекалық кредиттері бойынша берешек сомасы 129,0 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы қараша айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 5 384,9 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы қазан айымен салыстырғанда 19,8 пайыз немесе 1 331,6 миллион теңгеге азайды.

Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2022 жылғы 1 желтоқсанға 60,6 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы қараша айында 7 255,4 миллион теңге мөлшерінде кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы қазан айымен салыстырғанда 2,4 пайызға азайды (2022 жылғы қазанда – 7 434,7 миллион теңге берілді). 2022 жылғы қарашада орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 21,8 пайызды құрады.

      Төлем карточкалар нарығы.

Облыс бойынша айналымдағы төлем карталарының саны 2022 жылғы 1 желтоқсанға 1 420 мың бірлікті құрады (алдынғы аймен салыстырғанда 0,6 пайызға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,2 пайызы.

2022 жылғы қараша айында төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялар көлемі 173 552,5 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 1,6 пайызға азайды). Транзакциялар саны 11 802,3 мың транзакцияны құрап 3,8 пайызға азайды. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 3,5 пайызға азайып, 11 124,8 мың транзакцияны құрады, сомасы 0,3 пайызға өсті (мөлшері 128 104,6 миллион теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 9,0 пайызға дейін азайды (транзакциялар саны 677,5 транзакцияны құрады), сомасы 6,4 пайызға азайды (мөлшері 45 447,9 мың теңгені құрады).

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 25 555 POS-терминал, 390 банкомат, 17 152 кәсіпкер[1]; 22 694 сауда нүктелері.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

[1]Эквайермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шартын жасаған кәсіпкерлер.

[1]Эквайерментөлемкарточкаларынұстаушыларғақызметкөрсетушартынжасағанкәсіпкерлер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар