Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында 200-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында 200-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды

Ақмола облысында жүк тасымалдаумен айналысатын 200-ден астам кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді және қорғалды.

209 жүк тасымалдаушы арнайы рұқсатсыз салмақ көлемінің артқаны туралы ҚазАвтоЖолдан хабарлама алды. Бұл бұзушылықтарды арнайы өлшеу құралдары анықтаған.

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті көлік прокуратурасымен, «Атамекен» ӨКП, көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп жүк тасымалдаушылардың рұқсат беру құжаттары мен өлшеу құралдарының техникалық сипаттамаларын зерделеді.
Қазавтожолдың жүк тасымалдаушыларға багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны туралы хабарлама жіберуге құқығы жоқ екені анықталды (ӘҚБтК 571-бабы).

Сондай-ақ, барлық жүк тасымалдаушылардың жүктерді тасымалдауға рұқсат құжаттары болған.
Кәсіпкерлердің шағымдарын қарау қорытындысы бойынша Қазавтожол құқық бұзушылық туралы барлық хабарламаларды кері қайтарып алды.
Осылайша, мемлекеттік органдар бизнес субъектілерін соттық дай-дамайға тартудың алдын алып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар