— Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Хатай провинциясында үйінді астынан жерлесіміздің денесін тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Қазақстан құтқарушылары Хатай провинциясындағы ең күрделі учаскелердің бірінде іздеу жұмыстарын жалғастыруда.
Іздеу объектісі — толығымен қираған алты қабатты үй, үйіндінің көлемі 18 мың м3 асады.
Жедел ақпарат бойынша қазіргі уақытта Қазақстанның бір азаматының денесі табылып, үйінді астынан шығарылды.
Құтқарушылардың жұмысы көптеген үйінділермен, тұрақсыз құрылымдармен күрделене түседі. Қазақстандық құтқарушылар барынша тиімді жұмыс істеуде.
Бұған дейін біздің құтқарушыларымыз осы объектіде Түркияның екі азаматының денесін тапқан болатын.
Фото: t.me/qr_tjm
Дереккөз: www.inform.kz