Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ жерінде тұратыныма қуанамын - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ жерінде тұратыныма қуанамын

1944 жыл біздің əулетіміз үшін өте ауыр соқты. Себебі, отбасымыз күштеп  қоныстандырудың құрбаны болды. Сол қиын-қыстау кезеңде қазақ жерінен пана  таптық. Көсегеміз қазақ елімен бірге көгерді. Мен осы қасиетті топырақта өмірге  келдім, осында білім алдым, өсіп-  қалыптастым. Отбасымызда бес бала  болдық. Сол жылдар жоқшылықтың  кермек дəмін татырды. Тіпті, дастарха-  нымызда бір үзім нан болмаған кездер  де басымыздан өтті. Сонда да біз еш  мойымай, əр таңды үмітпен атырған едік.  Жергілікті қазақ халқы қолындағы барын  аямай, əрдайым бөлісіп отырушы еді.  Бізді ингуштар деп алалау болған жоқ.  Осылайша біз тұрғылықты халықпен  етене араласып, өсіп өне бастадық.  Əкем Ибрагим рухани дүниесі бай,  көңілі тоқ, шүкіршілігі мол адам бо-  латын. Кішкентай кезімізден барға  қанағат қылып, жоққа сабыр етуді  үйретті. Айтқан тағылымды əңгімелері  көкейімде əлі күнге дейін сақталған. Ата-  анамның жақсы тəрбие беруі өмір жо-  лында үлкен демеу болғаны да рас. 1976  жылы Көкшетау кооператив техникумын  тəмамдаған соң Магомед Хашиев екеуіміз  отбасын құрып, тоғыз баланың ата-анасы  атандық. Балаларымыздың тəрбиелі əрі  білімді болып өсуіне баса мəн беріп, көп  еңбектендік. Əдемі ойларымыз жүзеге  асып, қазіргі күні олар – түрлі салада  еңбек етіп жүрген білікті мамандар.  Жарым Магомед ұзақ жылдар бойы  Щучинск қалалық «Вайнах» шешен-  ингуш қоғамдық бірлестігінің жетекшісі  болды. Əрдайым бірлік пен татулықтың  маңыздылығын айтып, ұлтаралық қарым-  қатынасты нығайтуға барын салды. Біз от-  басы болып əр мейрамда орталық алаңда  түрлі шаралар ұйымдастыратынбыз. Бұл  балаларымыздың кеңпейіл, бауырмал  болып өсуіне септігін тигізді.  М е н і ң ө м і р і м д е г і к ү т п е г е н  қуаныштардың бірі – 2007 жылы  Халықаралық əйелдер күні қарсаңында  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  қолынан «Күміс алқа» алуым. Бала-  ларым өздері барлық құжаттарымды  жинап, тапсырған екен. Осы сүйінішті  жаңалықты аудан əкімдігінен естіген  кезде өзімді ерекше бақытты сезіндім.  Себебі, Ұлт Көшбасшысымен кездесу  əркімге бұйыра бермейтін бақ қой. Со-  дан ба, қабылдауда болған кезде қатты  қобалжыдым. Бірер жыл бұрын «Ал-  тын алқа» иегері атансам да, Елбасы  марапаттаған «Күміс алқасы» жаныма  қымбат. Сол сəтті ерекше тебіреніспен  еске аламын. Бүгінде он екі немеремнің  қызығын көріп отырған əжемін. Əттең,  бұл бақытқа жарым ортақтаса алмады.  Ол бір жарым жыл бұрын ауыр науқастың  салдарынан көз жұмды.  Əлбетте, қазақ жерінде өмір кешіп  жатқаныма қатты қуанамын. Көпұлтты  елiмiз Елбасының сындарлы саясатының  арқасында өзара тату-тəттi ғұмыр кешiп,  өсiп-өркендеуде. Одан артық не керек. Бір  шаңырақтың астындағы халқымыздың  достығы мен өзара түсіністігі одан əрі  жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық  əрдайым берік болып, қашанда ынтымақ,  бірлік мəңгі жасай берсін. Туған жердің  төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің  ішінде əрқайсымыз ел бірлігінің  сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір  кешуімізге атсалысайық.

 Фаина ХАШИЕВА,  

Щучинск қалалық «Вайнах»  шешен-ингуш қоғамдық  бірлестігінің мүшесі.  Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар