Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ассамблея мүшесі болу – абырой - АРҚА АЖАРЫ

Ассамблея мүшесі болу – абырой

Бүгінгі күні еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, əлем танитын мемлекетке айналды.

Бұл табыс бірлік пен ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болып келеді. Осындай келелі мəселелерді шешудің əрі жүзеге асырудың пəрменді тетіктерінің бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы екенін барша қазақстандықтар мойын- дайды. Ассамблея достыққа – дəнекер, ұлағатты істерге – ұйытқы болды. Мен Шортанды ауданында туып-өстім. Сана- лы ғұмырымды журналистика саласына арнап, еліміздегі тарихи жайттарға қалам тербедім. Тіпті, екі жинағыма туған жер- ге деген сүйіспеншілігімді арқау еткен едім. Сол себепті, маған қазақстандық патриотизм деген ұғым таңсық емес. Тек аға буын ғана емес, өскелең ұрпақтың жүрегінде де отансүйгіштіктің жалыны лапылдаса деген үміттемін. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі ретінде маған үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Айта кетерлігі, Ассамблеяның əр сессиясы маған ерекше əсер сыйлай- ды. Мұнда əлеуметтік-экономикалық мəселелер өз шешімін тауып, халықтың əл-ауқатын жақсарту жұмысы ширатыла түсетіні қуантады. Осылайша сессияның маңызы да арта түсуде. Осы ретте, жастар арасында бірлік идеясын насихаттау жұмысын үзбей жалғастырып келемін. Əр ұлттың тарихы, салт-дəстүрлері, мəдениеті мен рухани құндылықтары жастар арқылы жалғасын табады. Мұны естен шығармағанымыз дұрыс. Журналист ретінде жұртшылық алдында сөз сөйлегенде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жер туралы айтқан тағылымды ойларын мысалға келтіремін. Əлбетте, елімізді барлық ұлт пен ұлыстың бейбітшілік ор- дасына айналдырып, толеранттылықтың ерекше үлгісін жасай білген Ұлт Көшбасшысының ой толғаныстары əр қазақстандыққа ерекше күш-жігер да- рытатыны сөзсіз.

Нина МАЛЮГА,

аудандық «Вести» газетінің бас редакторы,

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі.

Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар