Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күннің бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды - АРҚА АЖАРЫ

Күннің бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

 – Қазгидромет синоптиктері 24 ақпан, жұма күні бірқатар өңірде ауа райы бұзылатынын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24-25 ақпанда Абай облысында қар жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын соғады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел қарқыны – 15-20 м/с. 24-26 ақпан аралығында ауа температурасы түнде 0-3 жылыдан 15-20, облыстың шығысында 25 аязға дейін, күндіз 2-7 жылыдан 8-13, облыстың шығысында 16 аязға дейін күрт төмендейді.

25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. 24-26 ақпан аралығында ауа температурасы түнде 0-3 жылыдан 15-20, облыстың шығысында 25 аязға дейін, күндіз 4-9 жылыдан 8-13, облыстың шығысында 16 аязға дейін күрт төмендейді.

24 ақпанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Астана қаласында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жел қарқыны – 15-20 м/с.

24 ақпан түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

24 ақпан түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

24 ақпанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні – 15-20 м/с, күндіз – 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында – 23-28 м/с.

24 ақпанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қөқтайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде желдің күші – 15-20 м/с.

24 ақпанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында – 25 м/с.

24 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде – 23-28 м/с.

24 ақпанда Жамбыл облысыныңбатысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні – 15-20, 25 м/с.

24 ақпан таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында желдің күші – 15-20 м/с.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, 24 ақпан таңертең және күндіз, 25 ақпан түнде және таңертең жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар