Ақмола облысының әкімі Аршалы ауданының тұрғындарымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Жалтыркөл және Жібек Жолы ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізіп, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Өңір басшысы елордалық аймақты дамытуға көп көңіл бөлінетінін атап өтті. Өткен жылы ғана осы ауылдарға 48 жұмыс сапары мен кездесулер жүзеге асырылды.

“Естеріңізде болса, тұрақты кездесулер аясында облыс өңірлерін аралай отырып, оның ішінде Жібек жолы және Жалтыркөл ауылдарының тұрғындарымен бірге азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырдым. Сіздермен тығыз байланыста көптеген мәселелер шешілді”, – деп атап өтті Е.Маржықпаев.

Іс-шара барысында тұрғындар электр беру желісін салу, байланыс сапасын жақсарту, сумен қамтамасыз ету, көше-жол желілерін, кент ішіндегі жолдарды жөндеу, тротуарларды орнату, әлеуметтік инфрақұрылым объектілері мен өрт депосын салу, медициналық кадрлардың жетіспеушілігі және т.б. мәселелерін көтерді. Әр мәселе бойынша нақты ұсыныстар мен шешу жолдары енгізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша өңір басшысы Жібек жолы және Жалтыркөл ауылдарын дамыту бойынша орындалу мерзімдерін көрсете отырып, Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Айта кетейік, биыл ғана Жібек жолы және Жалтыркөл ауылдарында жобаларды іске асыруға шамамен 8 млрд. теңге бөлінді. Соңғы екі жылда 81,6 шақырым жол, 54,1 шақырым сумен жабдықтау желілері салынды және жөнделді, тағы 150,6 шақырым салу жоспарлануда, 113,2 шақырым магистральдық газ құбыры салынды, тағы 162,6 шақырым өткізу жоспарлануда.

Дереккөз:  www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар