Діни кітаптарды заңсыз сатқан ақмолалық 120 мың теңге айыппұл арқалады

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Щучье қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті сауда үйлерінің біріндегі дүңгіршекте «Қасиетті Құран» кітабын рұқсатсыз сату дерегін анықтады.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы бойынша материал жиналып, сотқа жолданды. Бурабай аудандық сотының шешімімен 54 жастағы әйел әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 120 750 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды», – деді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, қолданыстағы заңнамаға сәйкес діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы материалдар мен діни мақсаттағы заттарды тек белгіленген орындарда ғана таратуға жол беріледі. Бұл діни ғимараттардың аумақтары, діни-рухани оқу орындарында – медреселерде, семинарларда және басқаларында, сондай-ақ әкімдік бекіткен арнайы стационарлық үй-жайларда.
Щучинск қаласының аумағында осындай 2 үй-жай бар. Өзге орындарда діни әдебиеттерді жергілікті атқарушы орғандардың рұқсатынсыз сатуға болмайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар